Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Черных Станислав Евгеньевич (1934- 1991ж.ж.)
Черных Станислав Евгеньевич (1934- 1991ж.ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:50 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Станислав Черных есімін оқырман қауым көптеген деректі, ойлы очерк -зерттеулері арқылы көрнекті өлкетанушы ретінде таниды.

Станислав Евгеньевич Черных 1934 жылы қазан айының 31 күні Өскемен қаласында дүниеге келген. 1952 жылы он жылдық мектепті бітіріп Павлодардың ұшқыштар дайындайтын әскери авиамектебіне түседі.

1956 жылы Сталинградтағы әскери авиаұшқыштар училищесін бітіріп, әскери қызметін 1960 жылға дейін атқарады. Денсаулығына байланысты ұшқыш болудан босатылған. С. Черных 1961-1967 жылдар аралығында Москваның тарихи-архив институтында сырттай оқып, сол 1961 жылы Өскеменге оралып Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінде жұмыс істейді. Өмірінің соңына дейін облыстық атқару комитеті архив бөлімінің меңгерушіcі болып қызмет істеген.

С.Черных өмірінің ширек ғасыр уақытын өлкеміздің тарихын зерттеп оқырмандарға белгілі, бейтаныс жерлес адамдардың, көрнекті ғалымдардың өмірлері, қызметтерімен таныстырып, деректі көркем шығармалар сыйлаған. Олардың қатарына "Ертіс жағасында", "Жалқы да болса жалынды құмарлық", "Алтай аспаны астында" атты жарық көрген кітаптары жатады.

"Ертіс жағасында" атты шығарма қаламгердің қаламынан шыққан алғашқы жинағы. С.Черныхтың шын мәніндегі өлкетанушы екендігін баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары дәлелдеп берді. Ол өз мақаласында "Өлкетану-көр-жер жинау емес. Бұл өз өлкеңді дұрыс түсіну жолындағы күрделі ғылыми зерттеу жұмысы. Өлкетану-туған Отаныңның өткеніне, бүгіні мен болашағына деген мемлекеттік көзқарас деп жазған. Өскемендік тарихшы-өлкетанушы өзінің осы қағидасын бірінші кітабында жүзеге асырады.

С.Черных өз еңбегінде Шығыс Қазақстан өлкесі, оның орталығы Өскеменмен тығыз байланыста болған тарихи тұлғалардың өмір жолдарымен таныстырады. Жүздеген документтерді, мақалаларды, терең зерттеп, Бірінші Петр замандастарынан бастап, арамыздан күні кеше ғана кеткен ардагер азаматтардың толық галереясын тізеді. Сондай-ақ бұл кітаптың "Ұлы Петрдің жіберген адамы" деген алғашқы очеркінде майор И.Лихарев экпедициясының Сібір қалалары арқылы Зайсан сапары архивтік деректер негізінде көркем тілмен қызықты баяндалған. Осы сапарда Семей, Өлес қамалдарымен қатар, 1720 жылы 12-17 августа Ертіc пен Ульба өзендерінің қосылар сағасында Өскемен бекініcінің негізі қаланады.

Жазушының "Жалқы да болса жалынды құмарлық" атты еңбегінде Кенді Алтай мен Зайсан, Тарбағатайдың аса бай табиғатын, қазына байлықтарын алғаш зерттеуші адамдардың тағдырын, әр саладығы энтузиастар туралы әңгімелейді. Өсекеміздің өткенінен аса қызықты мәліметтерді алға тартады. Бұл әрине туған жеріміздің тарихын білгіcі келетін барша қауым үшін аса пайдалы. Бұл кітаптың "Бәрі адамдарға қалады", "Күн нұрлы доктор және оның арманы" атты екі тарауы Зайсан тарихына, оның әйгілі адамдарына арналған. "Бәрі де адамдарға қалады" атты тарау ертеректе Зайсанға келіп қоныстанған, кейінгі ұрпақтары осында туып өскен көрнекті ғалым, зерттеуші Хохловтар әулетіне арналған.

Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Орта Азия, Монғолия, Қытай жерлерін зерттеуге баратын экспедициялардың аттанар жері осы Зайсан қаласы болған. Зайсанда болған саяхатшылардың көбі Андрей Хахловтың үйіне аялдаған. Зайсан өңірінде ең алғашқылардың бірі болып жер өңдеумен, бау-бақша өcірумен шұғылданған. Сондай-ақ ол осы өңірде тұңғыш рет бал арасын өcірумен шұғылданған. Хахлов омартасының балы, 1893 жылы Чикагодағы (АҚШ) халықаралық көрмеде көрсетіліп, жоғары баға алған. Міне осындай қызықты тарихи деректер С.Черныхтың еңбегінде өте көп.

С.Черныхтың "Күн нұрлы доктор және оның арманы" атты очеркі 20-шы жылдары Зайсан өлкесіне келіп қоныстанған, кейіннен аса көрнекті ғалым болған В.Н.Бухманның Зайсан қаласында тұрған кездегі өмірі мен тұрмысын, ғылымға cіңірген еңбегін жан-жақты ашып көрсетеді.

В.Н.Бухман елімізде бірінші болып гелиотехниканы-күн сәулесін тұрмыста, халық шаруашылығында, медицинада қолдануға болатынына назар аударған.

Жазушы-өлкетанушымыздың ең елеулі шығармасы "Алтай аспаны" атты кітабы. Жинаққа Өскеменде 1921 жылы құрылған әдебиет бірлестігі, есімдері оқырманға әйгілі жазушылар М,Алтайский (Иванусьев), П.Васильев, П.Кузнецов, Н.Горбачевтің творчестволары мен олардың өмір жолдары туралы деректі алты шығарма енген.

Сондай-ақ 1920 жылы Өскеменде жаңа шыға бастаған "Советская власть" газетінің редакторы Н.Анов әдебиет үйірмесін ұйымдастырудың ұйтқысы болғаны баяндалған.

Жазушының ақын П.Васильевтің балалық есею, жастық шақтарын тиек ететін "Дала таңбасы" очеркі өте шебер жазылған. "Ұшу сәті" очеркінде 20-шы жылдары Өскеменде "Звено Алтая" деген әдеби бірлестіктің қызу жұмыс іcтегенін айтады.

С.Черныхтың кез келген очеркін оқысаңыз да бәрінде автордың ой-толғамдары мен түcініктемелері, суреттемелері әңгіме нәр беріп отырады.

С.Е.Черных 1990 жылдан бастап Жазушылар Одағының мүшесі 4-томдық Қазақстанның қысқаша экспедициясына С.Черныхтың Кенді Алтайдың тарихы мен ірі өнеркәcіптері туралы 30-ға жуық статьялары енген.

Жерлес ақынымыз П.Н.Васильевтің өмірі мен творчествосын зерттеуге С.Черных өзінің 30 жыл өмірін арнады. Көп жылғы еңбегінің нәтижесі ретінде 1990 жылы "Павел Васильевті еске алу" атты очерктер жинағы жарық көрді.
Облысымыздың өлкетану жұмысына белгілі үлес қосқан жерлесіміз С.Е.Черных 1991 жылы 14-ші желтоқсанда 57 жасында дүниеден қайтты.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Черных Станислав Евгеньевич (1934- 1991ж.ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: