Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )
Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:52 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Әбенов Шәкір-халық ақыны, фольклоршы, композитор.

Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған. Семейдегі 'Приходская школада" 3 жыл оқып білім алған. Алғашқы "Борсықтар",- деген өлеңі 1916 жыл "Айқап" журналында басылған.Ұлы Отан соғысына өзі сұранып барып, Брянск майданында жаралы болып елге оралады.

Елуінші жылдары сталиндік сүргінге ұшырап, түрмеде азап шекті. Ол тумысынан ақын болып жаратылған, өлең үшін туған, оның қызығы мен шыжығын бірдей кешкен, артына бай мұра қалдырған, талмас та мойымас, майталман ақын еді.

Әбенов қаламынан шыққан "Қозы Көрпеш –Баян сұлу", "Кейпін батыр", "Таңшебер-Жапал","Ортақ арал", т.б әлденеше дастандар мен аңыздар, оңдаған толғау, мысал, терме өлеңдері әлі де оқырмандар тілегіне жете алған жоқ.

Шәкеңнің ақындығын кезінде Сакен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров жоғары бағалаған. Ш.Әбеновтың ең үлкен қасиеті-адамзат баласында аса сирек кездесетін еске сақтау қабілетінің кереметтігі. Абайдың, Шәкәрімнің, Көкбайдың, Әріптің басқа да ақындардың өлең-жырларын тоқсаннан асқанға дейін жатқа айтқан.
Екінші қасиеті - қайсарлығы.

Оның ғасырға жуық өмірінде көрмеген азабы жоқ. Оның өлең жылдары кезінде ұясында тұншықтырылып, өмір құбылыстарына сергек те шыншыл көзбен қараған шығармалары жарық көруі былай тұрсын, ақынның өз басына қатер төніп, бірінші рет жазықсыз 10 жылға, екінші рет 25 жылға кесілді. Содан жапа шегіп, әбден запыста болған ақын қаламы белгілі дәрежеге тұсалып, 50-60 жылдарда "қылмысы болғандықтан" ақталғаннан кейін ғана біраз сүбелі шығармалары, аңыз-дастандары қалың оқырмандар қолына тие бастады.

Әдебиеттер :

Айтұлы Н. Ғасырдың көзі тірі куәгері. //Қазақ әдебиеті .-1992.-17қаңтар.
Әбенов Ш. Бұл-шындық көзім көрді емес өсек. //Қазақ әдебиеті.-1997.-8-14 көкек.-10-11б.
Тілеубекова М. Ақынның артында қалған бір тұяғы. .//Семей таңы.-1995.-24қазан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )
Страница 1 из 11
Поиск: