Әміренов Тәңірберген (1907-1985)- ақын - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Әміренов Тәңірберген (1907-1985)- ақын
Әміренов Тәңірберген (1907-1985)- ақын
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:53 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Қайдасың қаламдасым, қасыма ерген
Теңіздің тереңінен інжу терген.
От азу, орақ тілді ақын інім,
Жан едің жастайыңнан сөзге мерген,- деп Нұрлыбек Баймұратов жырлағандай, қазақ халық поэзиясының тарихында өзінің лайықты орны бар, ежелден өрелі өнерге бой ұрған, сан рет сайысқа түскен майталман ақын Тәңірберген Әміренов биыл 95 жасқа толып отыр.

Ақын Шыңғыс тауының батыс жақ қойнауындағы Қарабұжыр деген жерде, қазіргі Абай ауданы, Саржал ауылының маңы, 1907 жылы 9 қазанда дүниеге келген. Руы-Тобықты, оның ішінде- Мотыш. Ақынның нағашысы- Тәуке батыр. Әкесі Әміреден жеті жасында жетім қалып, үлкен шешесі Зылиханың қолында тәрбиеленеді. Жастайынан ауыл молдасынан оқып, мұсылманша хат танып, жазуды, оқуды меңгеріп, қолына домбыра ұстап, Тәңірберген өлеңге ерте бой ұрады. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан рухани мәдениеттің, халық творчествосының асыл мұраларын, халықтың бай фольклорын санасына сіңіре жүріп, әкесі Әміре тығып сақтаған Абайдың 1909 жылғы Петербургте жарыққа шыққан өлеңдер жинағын оқып, жаттап, жастайынан тәңірдей құрмет тұтқан.

Ең алғаш қолына қалам алған күннен бастап халықтың еңбегін, жетістіктерін, қуаныш- сүйінішін өлеңге қосты.

Ақындық өнері таныла бастаған Т.Әміренов 1938 жылы Алматыдағы Жамбылдың әдеби қызметіне 75 жыл толған тойына қатысып, жырын оқып, зор шабытпен оралды.

Тәңірбергеннің ақындық өнерінің бір қыры –айтыс. Айтыс ақындық шеберлікті шыңдайтын қатал сын екені белгілі. Айтыс өнеріне қоса ақындық шабыт, суырып салма, нақышына келтіріп ән айту, сахнадағы әртістік қабілет- ақынның бойына ерте біткен ерекшелік.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ақын Семейдің эстрадалық концерт бюросын басқарды. 50 жылдар қазақ зиялыларының үлкен бір тобын қуғын- сүргінге ұшыратқаны мәлім. Солардың ортасында майталман зерек ақын Тәңірберген Әміренов 1951 жылы қамауға алынып, тек 1964 жылы ғана толықтай ақталды.

Тәңірберген ақын "Жұмбақ тас", "Қанды қанжар", "Жол мұраты","Өмір өткелдері" атты жинақтарын жарыққа шығарды. Жеке өлеңдері мен толғаулары "Пернедегі термелер", "Ақындар шықты айтысқа" атты жинақтарда топтастырылды.
Ақынның творчествосына саралы сөз айтып, ақындық қасиетін, шеберлігін, өлеңдерінің тақырыбын ашып, баға бергенде оны екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірі- 50-жылдарға дейінгі, екіншісі 50 жылдардан кейінгі. Ақынның 1950 жылдарға дейінгі өлеңдері артына қалдырып кеткен 4 өлеңдер жинағының ішінде мүлде жоқ. 13 жасынан бастап өлең шығарған Тәңірбергендей ақын 50- жылдарға дейін небір жыр жолдарын дүниеге келтіргені белгілі, өкінішке орай ол өлеңдері қудаланып жинаққа кіргізілмеген. Жинаққа тек 60- жылдардан бергі өлеңдері ғана кірген.

Т.Әміреновтың жинақтарына енген өлеңдерінен оның қашанда халықпен, қалың бұқарамен тығыз байланыста болып, олардың қалың ортасында жүріп, еңбекті жырлаған ақын екенін көреміз. Оған "Аттанды елім егіске","Шопандар ауылында" және тағы басқа идеялық көркемдік мәні бар өлеңдері дәлел бола алады.

Ақындық ерекшелігінің бірі- жыл мезгілдерін суреттеуде адам еңбегімен, адам өмірімен байланыстыра суреттеуінде.
Ол табиғат көріністерін суреттеуде Абай үлгісін пайдаланған. Табиғатты жалаң суреттемейді, ел тарихына, адам өміріне байланыстырып суреттейді. "Өскен өлкем", " Туған өлкем", "Шыңғыс сипаттамасы", "Туған ауылым- Саржалым" атты өлеңдері бұған айқын айғақ бола алады.

Ақын шығармаларының ішіндегі үлкен бір тақырып- арнау жырлары.Мысалы, Абайға, Жамбылға, Мұхтарға, Сапарғалиға, еңбек ардагерлеріне арналған жырлары осыған куә. Ақынның ендігі бір шоқтығы биік шығармалары- оның поэмалары, ақын творчествосының шыңы. "Қанды қанжар" поэмасында коллективтендіру кезіндегі туған ауылында болған тарихи шындық суреттеліп, жау қолынан қаза тапқан Зейіт деген жігіттің азаматтық парасаты дәріптеледі. Ал "Жұмбақ тас" поэмасы кешегі жаугершілік замандағы қазақ- қалмақ соғысының соңынан Тобықты елінің Шыңғыс өңіріне келіп қоныстанған сәттерін суреттейді. Бұл поэмаларда заман оқиғалары, әр түрлі тағдырлар, қилы заман қасіреті кеңінен сөз болады. "Батыр" дастаны- Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы.

Халық алдында сіңірген еңбегі жоғары бағаланып "Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен, Жоғары Советтің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әріп Тәңірбергенов- қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, Абай поэзиясының қайнар бұлағынан сусындап өскен талантты ақындарымыздың бірі.

Әдебиеттер:

Ерденбеков Б. Әріп ақын жайлы деректер әлі де жетерлік: [Ақын Ә.Тәңірбергеновтің өмірі және қоғамдағы атқарған қызметі жайында] // Семей таңы .- 2000.- 6 қазан.- Б. 9; 13 қазан.-Б. 10.

Зұлхаров Ғ. "Қандыжап-Көкбайдың дастаны: [Ә.Тәңірбергеновтың дастаны туралы ] // Үш анық.- 1999.- мамыр.

Мұхамедханұлы Қ. Әріп Тәңірбергенов: [Өмірі мен творчествосы туралы] // Абайдың ақын шәкірттері. 2-ші кітап.-Алматы., 1995.-Б. 12-64

Серікбаев С. Арқаның ақиық ақыны: [Ақын Ә.Тәңірбергеновтың туғанына 145 жыл. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы] // Дидар.-2001.-2 маусым.-Б.4

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Әміренов Тәңірберген (1907-1985)- ақын
Страница 1 из 11
Поиск: