Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:54 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды.

( Шыңғыс Айтматов)

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше.

М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.

Жазушы 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туды. 1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді. Оның тұңғыш күрделі шығармасы - " Еңлік-Кебек" драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүргенде жазылды.

1923 Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түсіп 1928 жылы бітіріп шығады. Оқуды бітірісімен Ташкентке келіп, орман техникумында әдебиеттен сабақ береді, 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті туркология кафедрасына аспирантураға түсіп, онда 1930 жылдың октябрьіне дейін болады.

Кемеңгер жазушының өмір жолына көз жіберсек, оның бір кездерде қилы кезең, қиын асуларға тап болып, қысылып- қиналған сәттерін еске алмай өте алмайсың. 30- жылдардың басында жазықсыз жаламен екі жыл түрмеде отырды. Қазақтың бетке шығар қаймағы " халық жауы" атанған кезде ендігі бетке ұстар азамат М:Әуезовке де құрық түсуге шақ қалды. Алашордашыл, ұлтшыл жазушы деп қудалағандар аз болған жоқ. Соның салдарынан жазушы 30- жылдары өзінің " Еңлік-Кебек", " Көксерек", " Қилы заман" сияқты тамаша туындыларынан бас тартса, 40-шы жылдары " Қаракөз"," Айман-шолпан", " Түнгі сарын" сияқты ғажайып пьесалары сахнадан түсіп қалды.

Жазушының әңгімелеріне тән оқиғалық, тартыстық жүйелер драмалық шығармаларында да кездеседі. Бұл да суреткердің өмір ақиқатын неғұрлым шыншыл әрі толық бейнелеу ниетінен туған көрініс. Творчестволық жолының алғашқы кезеңінің өзінде- ақ М.Әуезов көп қырлы талантын айқын танытты. Ол бұл тұста, әсіресе, көркем прозаның майталман шебері болып қалыптасты. Өмір оқиғаларын қаһарман мінезімен ұштастырып, қайталанбас сом тұлғалар жасау дәстүрін тереңдетті, прозаның әңгіме- повесть түрлерін жетілдірді. Тарихи тақырыпты да, заман шындығын да өзіне ғана тән өрнектеп жырлайтын арнаға түсті.

М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. "Еңлік-Кебек", "Қаракөз", "Түнгі сарын", "Ақ қайың", "Тас түлек", "Тартыс", "Алма бағында" сияқты шығармаларында кеңес адамдарының жаңа өмір қалпын, жасампаз еңбегін бейнелейді. Осы салаға ерекше көңіл бөліп, қаламгерлік жолының әр кезеңінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды.

М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы- бүкіл кеңес әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық- көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Француз жазушысы Л. Арагонның: " Эпикалық "Абай" романы….. ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі ",- деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман- қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Дүние жүзінің отыздан астам тіліне аударылып жарық көрген бұл шығарма миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті.

Әуезов - тек қана жазушы емес, қазақ әдебиет ғылымының ірі теоретигі, абайтанудың негізін салушы. Ол түркі тілдері әдебиетінің тарихы жөнінде терең ғылыми зерттеулер жасады.

Оның қаламынан әлемдік және орыстың тамаша классикалық әдебиетінің, бауырлас халықтар әдебиетінің танымал шығармаларының тәржімелері туды.

Жазушы, академик, тұңғыш драматург, талантты романист, білгір сыншы, белгілі қоғам қайраткері " Сегіз қырлы , бір сырлы азамат" - өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет етті, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырды.

Әдебиетіміздің қос биігі Абай мен Мұхтарды кезек-кезек оқығанда жерлес ақынымыз Қ. Алтынбаевтың " Бірі - өлеңнің патшасы, бірі-проза құдайы " деген жыр жолдары есіңе түседі.

Қолданылған әдебиеттер:

Әкімов Т. Даналық мәйегі: Мұхтар Әуезов туралы деректер,- Алматы: Ана тілі, 1997.- 189 б.
Әуезовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі .- Алматы: Ғылым,1997.- 768б.
Бердібай Р. Мұхтар шыңы.- Алматы: Ғылым, 1997.- 208 б.
Мұхтар Әуезов әлемі.- Алматы: Жазушы,1997.- 352 б.
Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.- Алматы: Жазушы,1997.- 608б.

Айтуғанова С.М. Әуезов дәстүрінің әдебиеттегі көрінісі: [Жазушы М.Әуезовтың жазушылық шеберлігі жайында] //Ұлт тағылымы .-1999.- N4-5.- Б..56-58
Алдабек Н. Әуезов мұрасы- ұрпақ қазынасы: [Мұхтартану иірімдері] //Қазақстан мектебі .-1999.- N11-12.- Б. 72-74
Аян. Асқақтай түсер асқарлар : [М.Әуезов жайында] //Қазақ батырлары.-2000.- N 4
Әлімқұлова Ғ. Мұхтар Әуезов библиографиясы //Қазақ тілі мен әдебиеті .-2000.- N 3.- Б. 47-50
Зұлхаров Ғ. Кемеңгердің бір хаты // Дидар.-2000.-8 сәуір
Кәрібаева Б. Әуезов- әлемдік тұлға // Қазақ әдебиеті .-2000.-12 iaiu?.-5a.
Назарбаев Н.Ә. Әлем таныған Әуезов: М.О.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналысты ашарда 1997 жылғы қыркүйектің 27-сінде сөйлеген сөзі Назарбаев Н.Ә. // Қалың елім қазағым.-Алматы Өнер,1998.-.273-278 б.
Омарханова Г. Жүректе сақталған естелік //Семей таңы .-2001.-N4.- Б.3; N 5.-Б.9; N7.-Б.9
Тебегенова Ә.М. Әуезов- қазақ тарихын зерттеуші //Қазақ тарихы .- 1998.-N 6.- Б.45 .

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: