Чистяков Михаил Иванович (1917 ж.), ақын - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Чистяков Михаил Иванович (1917 ж.), ақын
Чистяков Михаил Иванович (1917 ж.), ақын
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:55 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Ақын Михайл Иванович Чистяковтың есімі облысымыздың жас кәрісіне бірдей таныс. Жүрегінен жыр тербеген қарт қаламгер өзінің сан-саналы айшықты да ойлы өлеңдерімен әр көңілдің төрінен орын алады.

Ол 1917 жылы бірінші қыркүйекте Башқорстанның Ургуш деген селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. Болашақ ақын үш жасында анадан, он төрт жасында әкеден айырылды, ерте есейді. 1934 жылы Семейдегі геолог-барлаушылар рабфагінде жұмыс істейтін әпкесі Тоня қолына алады. Содан бері Шығыс Қазақстан ақынның Отан-анасына айналды. Осы рабфагқа оқуға түсіп, оны он үш жылдан кейін 1934 жылы бітіріп шықты. 1940 жылы Семей қаласындағы алты айлық мұғалімдер курсын бітіріп, Ақсуатқа ұстаз болып барады. Жаныма жақын "Ақсуат" өлеңі осында туған.

1942 жылы өз еркімен соғысқа аттанды. Әскери дайындықты Алматы, Чкалов қалаларында өтіп, 298 дивизияға қатысты 888-ші атқыштар полкі құрамында Сталинград түбінде жорық жолын бастады. Михайл Иванович Котлубань станциясы үшін күресте 1942 жылы 22 қазанда ауыр жараланып, жанарынан айырылды. Сөйтіп, 1943 жылдың қаңтар айында М.И.Чистяков үйіне мүгедек болып оралды.

Алматыда, Шымкентте тұрып, 1949 жылы Өскемен қаласына көшіп келеді. Өскеменде ұзақ жылдар орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Облыстық "Рудный Алтай" газетінде кеңесші болып істеп, жас таланттардың шыңдалуына қамқоршы болды. Михаил Иванович он үш өлең кітаптарының авторы. Әр жылдары шыққан жыр жинақтары азамат ақынды қалың оқырманға танытты. Жыр жинақтарының аты айтып тұрғандай ол Өр Алтайды, оның тамаша адамдарын, асау Ертісті, сұлу табиғатты асқақ көңілмен жырлап, бүкіл елге паш етті.

Бозбала шақтан Есенин мен Пушкиннің, Лермонтов пен Блоктың, Некрасов пен Дудиннің, Симонов пен Твардовскийдің шығармаларынан нәр алып, ақындық жолды қалаған Михайл Чистяков әдебиет әлемінде өз орнын таба білді. "Ертіс жерінің жыршысы" атты өмірнамалық кітап- соның айғағы.

Соғысқа қатысып, өмірдің талай соқпақтарынан өткен ақын өзінің өршіл өмірбаянын жырмен жазып берді. "Жолдар" жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлығына ие болды. Оның жыр жинақтары Волгоград қорғаныс мұражайына, "Сталинград шайқасының понарамасы" мұражайына, Нүрек ГЭС-і, Камаз, БАМ кітапханаларына қойылған.
Ақын жүрегі соғып тұрғанда көңілі мәңгі жас. Қолынан қаламы түспеген Михаил Иванович соғыс салған жарадан жанары суалғанымен кәрі жүректен жыр төгілгенде жарты ғасыр отасқан жары София Ивановна Георгиади ақын өлеңдерін, ой тамшыларын қағазға түсіріп отырады. Ақын шығармашылығы туралы екеуі жарыса сыр шертеді.

"Аққу қаздар" - ақынның соңғы жарық көрген жыр жинағы. Ақынның аңқылдаған жүрегінен ұшқан аққу-жырлармен танысқан оқырман қауым құс қанатының сусылымен көкке өрлеген шабытты шақты бастан кешіреді. Сексеннің сеңгірінде жыр-селін ағызған ақын ғұмыры ұзақ, шабыты шалқар болғай !

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Чистяков Михаил Иванович (1917 ж.), ақын
Страница 1 из 11
Поиск: