Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Горбачев Николай Андреевич (1923 - 2000 жж.)
Горбачев Николай Андреевич (1923 - 2000 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:56 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Жерлес жазушымыз Горбачев Николай Андреевич 1923 жылдың қыркүйек айының 13-ші жұлдызында Үлкен Нарын ауданында дүниеге келген. Қонысын жиі ауыстырған Горбачевтар отбасы Кавказдың Дербент қаласына барып тұрақтайды. Николай осында 7 кластық білім алып шығады.

Николай Андреевич өзінің алғашқы - өлең, әңгімелерін Махачкала жол - құрылыс техникумында оқып жүргенде және Ұлы Отан соғысы жылдарында жазды. Алайда, ол әдеби творчествосымен соғыстан кейін, Харьков радиотехника академиясында оқып жүргенде айналысқан.

. Оның "Барлаушы", "Кездесу" сияқты алғашқы әңгімелері Украинаның облыстық республикалық газеттерінде жарық көрді.

1948 жылы Л.А.Говоров атындағы радиотехникалық академияға түсіп, 1953 жылы ойдағыдай бітірген инженер - майор Горбачев Н.А. ракета әскери бөлімінде қызмет етіп қаһарлы қаруларды сынауға қатысады. Сол жылдары Николайды "Красная звезда" газеті жұмысқа шақырады. Содан кейін осы газет бетінде Николайдың әскери әуе күштері жауынгерлерінің өміріне арналған очерк, мақалалары жарық көреді.

1960 жылдары жазушы "Москва", "Октябрь" журналдарының редакцияларында жұмыс істейді.
Н.Горбачевтің 1961-1963 жылдары жарық көрген "Оралу", "Ракеталар мен қызғалдақтар", "Жұлдыздың тарту күші" сияқты кітаптары сол кезде совет әдебиетіне соны тақырыптар әкелген ерекшелігі бар шығармалар еді.

Николай Андреевич 1970-1976 жылдардағы "Тіреу нүктесін берсең", "Екпінді күш", "Ұрыс" атты шығармалары арқылы шетелге де кең танылды. Бұл романдардың әрқайсысы өзіндік бір сезімнің, үлкен ойдың әлемі,термоядролық соғыс қаупін болдырмау, әлемде бейбітшілікті сақтау проблемалары кеңінен әңгімеленеді.

1981 жылы "Ұрыс" романы М.Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығына и болды.

1975 жылы жазушы өзінің туған өлкесі Кенді Алтайға келді. Міне осы сапарда туған өлке еңбеккерлерінің Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге қосқан үлестері туралы шығарма жазу ойына келеді. Осы мақсатпен құжаттар жинау үшін одан кейін де Кенді Алтайға бірнеше соғып, жерлестерімен кездесіп, мұрағаттарда болып, өлкенің металлургия саласы жайлы мағлұматтар алуға тырысады.

Осындай көпжылдық (10 жыл) еңбегінің нәтижесінде, "Ақсу" (1985) романы дүниеге келді. Бұл романда жазушы басқа шығармаларындай адам тағдырын терең ашып, оқиғаларды философиялық тұрғыдан көрсете білді. "Ақсуды" оқыған оқырман шығармадағы ең негізгі оқиғалар өтетін Кенді Алтайдағы "Свинцовогорскінің" соғыс жылдарындағы "Лениногорск" екенін бірден түсінеді. Жазушы Свинцовогорскінің бойына гитлер басқыншыларын жеңіп шығуға зор үлес қосқан еліміздің тылындағы өндірістік қаланың бүкіл қасиетін, ерік еңбегін жинақтаған. Романның басты кейіпкерлері- соғыс басталған шақта тылдағы шешуші күшке айналған тәжірибелі жұмысшы кадрлары. Олардың өмірі "Ақсу" романында өте шеберлікпен бейнеленген.

Біз үшін бұл роман Кенді Алтай еңбекерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін көрсететін алғашқы ірі еңбек ретінде аса құнды.

Н.Горбачев 1984 жылы "Ақсу" романы үшін ВЦСПС тің және СССР Жазушылар одағының жүлдесіне ие болды. Бұл - жерлес жазушының үлкен жетістігі, шығармашылық еңбегіндегі- зор табысы еді.

Н.А.Горбачевтің шығармалары :

Ақсу : Роман / орыс тілінен ауд. Ж.Бектепов.-Алматы : Жазушы,1-ші кітап : Бергалдар.-1986.-464б. (Достық кітапханасы)

Ақсу : Роман / орыс тілінен ауд. Ж.Бектепов.-Алматы: Жазушы, 2-ші кітап : Қорғасын.-1990.-464б (Достық кітапханасы)

Н.А.Горбачев туралы:

Владимиров В. Жаны жайсаң жерлесіміз : [Жерлес жазушы Н.А.Горбачевтің 70 жасқа толуына орай шығармалары жайлы бір үзік сыр] // Қазақ әдебиеті.-1993.-10 қыркүйек.-Б.11

Сағатов С. Жерлес жазушымен жүздесу : // Коммунизм туы .-1983.-20 сәуір

Тастағанов М. Шындық шығарма шырайы : ["Ақсулар" кітабының авторы жерлес жазушымыз Н.А.Горбачевпен кездесу] // Коммунизм туы.-1989.-9 маусым

Тоқтарова В. Тағы да туған жерде:[Жерлес жазушы Н.А.Горбачевпен кездесу] // Еңбек туы.-1982.-5 июнь

Черных С. Дарынды қаламгер : [Жазушы Горбачев Н.А. -60 жаста] // Коммунизм туы.-1983.-10 сентябрь

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Горбачев Николай Андреевич (1923 - 2000 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: