Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (1940ж.)
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (1940ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:00 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген.

1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі.

Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы бітірген.

М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары болып істеген.

Бұдан соң Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында доцент және аға ғылыми қызметкер болып істеді, сонымен қатар Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізеді.

1983-1984 жылдарда еркін творчестволық қызметте болады.

1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының Бас редакторы болды.

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды ("Қобыз сарыны" монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанырда. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, "Тазының өлімі" (1969), "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" (1979), "Шақан-Шері" (1984) т.б повестерінің, "Көк мұнар" романы (1971) мен "Аласапыран" роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған.

1984 жылы М.Мағауинге "Аласапыран" тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

М.Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы советінің председателі.

В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, аса талантты жазушы. бір туар тұлға.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (1940ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: