Қайым (Ғабдулқайым) Мұқамедханұлы (1916 - 2004 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қайым (Ғабдулқайым) Мұқамедханұлы (1916 - 2004 жж.)
Қайым (Ғабдулқайым) Мұқамедханұлы (1916 - 2004 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:00 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Белгілі жазушы, драматург, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5 қаңтарында Семей өңірінің Заречная Слабодка ауылында дүниеге келген. 1924 жылы Жаңасемейдегі бастауыш мектепке оқуға түсіп, 1932 жылдан еңбекке араласты.

1935-1937 жылдары пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курста, 1938-1941 жылдары Семей педагогика институтының филология факулътетінде окыған. 1942-1947 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің өкілі, 1947-1951 жылдары Семейдегі Абай мұражайыньң директоры, 1951 жылдан бастап Семей педагогикалық институтында окытушы болып қызмет атқарды.

1937 жылдан бастап өлеңдері, әдеби-сын мақалалары баспасөзде жариялана бастады.
Жазушының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың «Толқын» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Ер Білісай» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), пьесалары театр сахналарында қойылды. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың «Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» (1967) пьесаларын казақ тіліне аударды. Қазақ ССР Мемлекеттік гимнінің авторы.

Ғалым Қ.Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің басты тақырыбы – Абайдың ақындық мектебін зерттеу.
1951 жылы осы тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Жазушы ғалым абайтану, әуезовтану саласында жемісті еңбек етіп, «Абай шығармаларының текстологиясы» (1959), «Мағауия Абайұлы» (1959) атты кітаптар, әдеби-зерттеу мақалаларын жазды. Қайта оралған арыстар: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сияқты ғылыми терең байсалды, танымдық қасиеті мол көлемді мақалаларды республикалық, облыстық баспасөзде тұңғыш жариялаған.

Қайым Мұхамедханұлы – жарты ғасырда қазақ әдебиеті пәнінің мыңдаған мұғалімдерін даярлап шығарған ұстаздардың ұстазы, ғылымның нағыз профессоры. Ұзақ жылғы ғылыми, ұстаздық және әдеби еңбегі бағаланып, Кеңес Одағының медальдарымен “Халықа білім беру ісінің үздік”, “Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі” белгілерімен марапатталды. Қазақстан Жазушылар Одағының Абай атындағы Халықаралық сыйлығының алғашқы лауреаты болған. Қайым Мұхамедханұлы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңғыра түскен абайтануға қосқан үлесі үшін 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. 2005 жылы “Алаш” баспасынан ғалымның шығармалар жинағы жарыққа шықты. «Антисоветтік ұлтшылдық қызметі үшін» деген өтірік айып тағылып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылды. Карлагқа айдалды.

Көптеген еңбектері өртелді. Сегіз ай тергеуде жеті тергеушіні ауыстырды. Мұхтарды сат. Ол саған диссертацияны зорлап жазғызды, ғылыми еңбектеріңнен бас тарт жазаң жеңілдейді,- деді. Бір күні ыстық карцерге ертеңінде жалаңаш күйімде оймақтай тесіктен сәуле себезгілеген қара түнек камераға қамады, қиындыққа шыдап, 1956 жылы ақталып түрмеден босап шықты. Қайым Мұхамедханұлы талай-талай тар жол тайғақ кешуді басынан өткерді. Темір торлы түрменің ызғары мен сатқындықтың салқыны жанын жараласада жүрек әмірі ақиқаттың ақ жолынан тайдыра алмады.
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңне сен өзінді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деген Абай сөздері өміріне серт болды.

Мыңмен жалғыз алысқан ....... сөз патшасына кінә қоюшыларға қасқая қарсы шығып, Абайдың әдебиет мектебін ашып беру жолына бар ғұмырын арнаған, осы жолда іштегі дерті қозғалып, жылап көзден жас ағып, омырауы қанға боялған, түрменің де дәмін татқан Қайым ағамыздың өмірі келешекке үлгі. Саналы өмірінің жарты ғасырдан астамын ұстаздық еңбекке арнаған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Қайым Мұхамедханұлы 2004 жылы 90-ға тақап дүниеден озды.

Әдебиеттер:

Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.-9 тамыз
Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.
Шыңғысұлы Б. Сүйінерге жарар ол // Семей таңы.- 1991.- 22 қаңтар
Жаппасұлы Е. Тұманды жылғы тумалар: // Түркістан.- 1996.- маусым
Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193
Еспенбетов А. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 январь.
Ибрагимов Т. Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) // Семей таңы.- 1986.- 17 январь.
Исин А. Кемел шақ. // Қазақстан мұғалімі.- 1986.- 31 январь.
Жүсіпов М. Ұлағаты ғалым. // Қазақ әдебиеті.- 1986.-3 январь.
Обаев Е. Тебреніс ( Қ. Мұқамедхановқа 70 жаста) // Семей таңы.-1986.-17 январь.
Оразалин К. Ұстаз өркені. // Семейтаңы.-1986.-17 январь.
Сейсенұлы Д. Абайға араша, Мұхтармен мұндас: //Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қайым (Ғабдулқайым) Мұқамедханұлы (1916 - 2004 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: