Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Тұрғазы Нұқаев, ақын (1937 - 2001 ж.ж)
Тұрғазы Нұқаев, ақын (1937 - 2001 ж.ж)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:01 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Бәлкім әлі қасиетіңді білмес ем,
Тәтті ұйқыдан оятпасаң түнде сен.
Мәңгілік мен өкінумен өтер ем.
Жүрегімде, жырым өмір сүрмесең,-деп

"Кел, жырларым" деген өлеңінде жырлағандай Тұрғазы Нұқайұлы Нұқаев Ұлан ауданының Егінсу ауылдық кеңесіне қарасты Тұяқ ауылында 1937 жылы 27 -ші маусымда туған.

1955 - 1960 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында оқып, осы оқу орнының тарих-филология факультетін тәмамдайды.

1960-1968 жылдары Ұлан ауданы мектептерінде мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бұл жылдары Тұрғазының өлеңдері, балладалары, мақалалары облыстық, республикалық баспасөзде жиі жарияланып тұрды.

Ол 1966 жылы облыстық газетке жұмысқа ауысады. Дарынның шыңдалар тұсы да дәл осы жылдардан бастау алды. Міне содан бергі кезеңде оның шығармашылық қызметі "Дидар" газеті ұжымымен тікелей байланысты өтті.

Ол редакцияда әдеби қызметкерден бастап, редактордың орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Мұнда істеген жылдар ішінде Т. Нұқаевтан тәлім тәрбие алып республикамыздың сан қиырында журналист, жазушы болып жүргендер қаншама.

Тұрғазы Нұқаев баршамызға қаламы ұшталған тәжірибелі журналист- публицист, ақын - жазушы ретінде таныс. Ол "Тұңғыш", "Ұлы даланың ұлымын", "Әз ағамыз Әнекең", "Анаға тағзым", "Жарқыраған қос жұлдыз" атты ғұмырнамалық кітаптардың авторы. Ақын Жазушылар одағының мүшесі. Ақын жырлары байсалды, өлеңдерінде бекзаттық, азаматтық әуен басым.

1978 жылы "Жалын" баспасынан "Тұңғыш" атты жыр кітабы жарық көрді. Кітапқа Кенді Алтайдың келісті келбеті, замандастарымыздың жарқын бейнесі, ой-арманы мен жан сезімі арқау болған. "Туған жермен сырласу" атты жырында халқы алдындағы азаматтық абзал ісін өтеу мақсаты айқын аңғарылады. "Марқакөлдің ажары", "Рахман жаңбыры", "Қаба" деген өлеңдерінен ел деп соққан жүректі, ел үмітін ақтап шықсам деген өршіл тілек пен туған жерге деген махаббатты сезінеміз.

Жылдар өткен сайын ақын талай күрделі тақырыптарды игерді, өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін жетілдіре түсті. Шығармалары әрдайым нақты өмір тәжірибесінен алынған шынайылығымен оқырман жүрегінен орын алған. "Ауыл", "Жол үстінде", "Тау тарланы" т.б лирикалық дастандары мен толғаулары осының айқын куәсі. Сондай – ақ Т. Нұқайұлының көптеген шығармаларында ел бірлігі, өзара ынтымақ мәселері айқын, анық айтылып, береке бірлік, ынтымақты нығайтуға шақырады.

Тұрғазы Нұқайұлы З.Баянов атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері. Алдағы уақытта да ақынның жырлары әдебиет сүйер қауымның көңілінен шығатынына сеніміміз зор.

Т.Нұқаевтың шығармалары :

Анаға тағызым Хикаят.-Өскемен: Полиграфия, 1995.-91б.
Әз ағамыз- Әнекең.- Өскемен: Полиграфия,1994.-52б.
Жарқыраған қос жұлдыз : Ғұмырнама.-Өскемен: Полиграфия,1999.-173б.
Тұңғыш Өлеңдер.-Алматы : Жалын, 1978.-32б.
Ұлы даланың ұлымын: Өлеңдер,балладалар, толғаулар, дастан.-Өскемен,1995.-177б.

Т.Нұқайұлы туралы:

Алтай Ә. Жұлдыздар жайлы сыр[Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Т.Нұқайұлының " Жарқыраған қос жұлдыз" атты ғұмырнамалық кітбының тұсаукесер рәсімінен] // Дидар .-1999.- 8 мамыр
Байбатыров Ғ. Жүрек сөзі, жан сыры [ Ақын Т. Нұқайұлының "Ұлы даланың ұлымын" атты кітабының жарық көруіне орай] // Дидар 1995.- 12 тамыз
Байбатыров Ғ. Сөз кестесін өрнектеп [Т.Нұқаевтың "Тұңғыш" атты өлеңдңер жинағы туралы]// Коммунизм туы.-1979.-9февраль
Қаңтарбаев Ә. Ғұмырлы болыңыз аға [Жерлес ақынымыз жайында] // Дидар.-1997.-26 маусым

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Тұрғазы Нұқаев, ақын (1937 - 2001 ж.ж)
Страница 1 из 11
Поиск: