Рәшев Мыңбай (1930), ақын - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Рәшев Мыңбай (1930), ақын
Рәшев Мыңбай (1930), ақын
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:02 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәшев (Тотыяйын Рамазанов) 1930 жылы 19 қазанда облысымызға қарасты шалғайдағы Баршатас ауданының "Алғабас" совхозында (бұрынғы Семей облысында) туған.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген.

"Жас алаш" (бұрынғы "Лениншіл жас!" газетінде) қызмет еткен.

Осыдан кейін "Ара" - " Шмель" журналына шақырылып, сықақ жанрында қызмет етуі де оның творчествосын байыта түседі.

Журналдың алғашқы бас редакторы ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің тәлім-тәрбиесінде болған жылдары жемісті. " Терек пен тікенек", " Бетің қисық болса", " Қисық айна", " Суылдақ", " Бүйімбай" т.б. сатиралық жинақтары басылды.

Сықақтары мен мысалдары " Крокодил қосымшасы" сериясында, " Крокодил", " Дружба народов" журналдарында да жарық көрген. М.Рәш тек сатирик қана емес, эпик ақын. М.Рәшевтің тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы "Алғашқы боразда" деген атпен жарыққа шықты.

Қырыққа тарта кітаптың авторы Мыңбай жиырмаға жуық поэмалар мен балладаларын оқырманға ұсынды. Олардың ішінде шұбартаулық жас шопандар өмірінен жазған "Бастау," 28 - гвардияшы-панфиловшы батырлар, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы өмірінен жазылған поэмалары - " Батыр- дастан" және әзірбайжан халқының ұлы ағартушысы, драматургі, ақыны Мырза Фатали Ахундов жайынан жазған " Сабухи" поэмалары әдебиетімізде елеулі туындылар.

Мыңбай шығармалары алуан тақырыпты, солардың ішінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі - міне, ақын творчествосына арқау болған тақырыптар.

Бүгінгі ұланғайыр өміріміздің елеулі де ауыр мәселесі - экология проблемасын тебірене, ядролық жарылыстарға, соғыс атаулыға ащы наразылығын ашына жырлайды. Өткен ғасырдағы ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов өмірінен жазған " Жұлдызды жиһанкез" дастаны да айтуға тұрарлық.

Сатирик жалақор, жәдігөйдің сұрқия қылығын өткір сатирамен өртейді. Басқаларды сақтандырады, тазалыққа, пәк адамшылыққа шақырады.

Мыңбай сатириктік өрнегін поэзияда ғана емес, прозада да көрсетіп келеді. Сықақ, әзіл-оспақ өлеңдері тәрізді қара сөзбен жазылған әңгімелері де ықшам, тап-тұйнақылығымен татымды да тартымды оқылып отырады. Оқиғалары нанымды.

1957 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. Біраз өлеңі орыс тіліне аударылып жеке кітап боп басылды. М. Рәшевтің сықақтары, фельетондары мен мысалдары өзге тілдерге де аударылған.

Мыңбай Рәш өз жанрында әдебиетімізге белгілі дәрежеде үлес қосқан белді, бедерлі қаламгер.
Ақын " Тың және тыңайған жерді игергені үшін!" медалімен марапатталған.

Шығармалары:

Алғашқы боразда: Өлеңдер. - Алматы: ҚМКӘБ, 1955
Бастау: Поэма. - Алматы: Жазушы, 1975
Бетің қисық болса… : Фельетондар. - Алматы: Жазушы, 1969
Ғасыр жолы: Өлеңдер. - Алматы, Жазушы, 1983
Дәуір - дастан: Поэма, балладалар. - Алматы: Жазушы, 1990. - 360 б.
Суылдақ: Сықақтар, әзіл-оспақтар. - Алматы: Қазақстан, 1990. - 360 б.
Терек пен тікенек: Сықақтар. - Алматы: ҚМКӘБ, 1958
Тоғыз жүз күн. - Алматы: Жазушы, 1971. - 64 б.
Тс- с … тісіңнен шығарма…: сықақ әңгімелер мен әзіл-оспақтар. - Алматы: Қазақстан, 1996. - 256 б.

* * *
Рәшев М. Данышпан: [Қаныш Имантайұлының рухына арналған өлең// Қазақ әдебиетi. - 1999. - 9 - 16 көкек

* * *
Әбiлев Д. Ойға шауып,төске озған: [Ақын М.Рәш жетпiс жаста ]// Дидар. - 2000. - 3 қазан

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Рәшев Мыңбай (1930), ақын
Страница 1 из 11
Поиск: