Сәрсекеев Медеу, (1936 ж.), жазушы - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәрсекеев Медеу, (1936 ж.), жазушы
Сәрсекеев Медеу, (1936 ж.), жазушы
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:02 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Жазушы Медеу Сәрсекеев Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген.

1958 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. 1958-1959 жылдары "Жас алаш" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1959-63жж. Семей цемент заводында смена мастері, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963-1965 ж.ж. "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.


1965 жылдан Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметтерін атқаған.

Жазушы Медеу Сәрсекеев Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген.

1958-1959 жылдары "Жас алаш" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1959-63жж. Семей цемент заводында смена мастері, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963-1965 ж.ж. "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі; 1965 жылдан Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметтерін атқаған.

"Ғажайып сәуле"(1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын"(1964), "От және атом"(1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. Өндіріс адамдары жайлы "Жетіжылдықтың жігіттері" очерктер жинағы(1961), "Қаз қайтқанда"(1968), "Айшықты мезет"(1969) деректі повестері жарияланды. "Сәтбаев" атты деректі ғұмырнамасы, "Тамаша адамдар өмірі" сериясымен жарық көрді(1980, 1989). "Шығыс хикаясы" пьесасын(1971), "Жаңғырық"(1979), "Көмбе"(1985) романдарын жазды.

А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған.

Шығармалары:

Сәрсекеев М. Қаныш Сәтбаев / Алматы: Жалын.-1988.- 528 б.
Сәрсекеев М. Қуғындалған "Сәтбаев" / Естелік - эссе.- Алматы: Шабыт.- 1994.- 244 б.

Өмірі мен шығармашылығы:

Мұхамедова Р. Еңбегім бағаланды деп білемін / Тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты үкімет наградасымен марапатталғаны туралы // Семей таңы. - 2002.- №3.- Б. 1 - 2

Салықов К. Ақиқатқа араша / М.Сәрсекеевтің "Қуғындалған Сәтбаев" естелік-эссесі жайлы // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 21 ақпан.- 96 б.

Салықов К. Ауыр жолда сыр білдірмес азамат / Жазушы М.Сәрсекеев 60 жаста // Қазақ әдебиеті.-1996.- 4 қаңтар. - Б. 13

Сәрсеке М. Ғасырдың ұлы перзенті / Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметін зерттеп жүрген жерлес жазушымен әңгіме // Семей таңы.- 1998.- 8-14.-Б. 4

Смайылов К. Алпыс асқар / Жазушы Медеу Сәрсеке туралы // Егемен Қазақстан.- 1996.- 15 ақпан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәрсекеев Медеу, (1936 ж.), жазушы
Страница 1 из 11
Поиск: