Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сегізбаев Кәдірбек (1941 ж.)
Сегізбаев Кәдірбек (1941 ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:03 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Бір өзінен Алтайдың асылдығы, ерке Ертістің арыны, Зайсанның жайсаңдығы бірден табылатын жерлес жазушыларымыздың бірі - Кәдірбек Сегізбаев.

Ол 1941 жылдың 1 мамырында Зайсан ауданы, Жарсу ауылында туған. Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң екі жылдай туған ауылында тракторист, тәрбиеші, комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1967 жылы бітірген соң, республикалық "Лениншіл жас" газетінде, "Білім және еңбек" журналында қызмет істеді. Кейінірек "Жалын" альманағы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Алғашқы әңгімелері республикалық баспасөзде 1968 жылдары жариялана бастады. Содан бері әңгіме-повестері "Жұлдыз", "Жалын", "Қазақ әдебиеті" т.б. газет -журналдарда үзбей жарияланып келеді. "Ашылмаған сыр", "Қойнаудағы ауыл", "Жылдың ең қысқа күндері","Біз қалада тұрамыз" әңгіме-повестері оқырмандар жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласына бөленген.

Шығармалары:

Ашылмаған сыр: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972
Біз қалада тұрамыз.- Алматы: Жалын,1983.- 384 б.
Жер ортасы: әңгімелер, повестер, роман.- Алматы: Жазушы,1992.- 480 б.
Жол: Роман, повесть, әңгіме.- Алматы: Жалын, 1989.- 432 б.
Жылдың ең қысқа күндері: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жалын,1978.- 208 б.
Қойнаудағы ауыл.- Алматы: 1975.- 121 б.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Ғабдоллаұлы С. Табиғи талант иесі // Дидар.- 1991.- 24 мамыр.
Құлмұхаметов М. Жазушының жан сыры // Лениншіл жас.- 1991.- 1 мамыр.
Құрманғалиев Қ. Көп қырлы суреткер // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 3 мамыр.
Құттықтаймыз: К.Сегізбаевтың 50 жасқа толуына байланысты құттықтауы // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 3 мамыр.
Мажитов М. Соны соқпақ: Жазушы К.Сегізбаевтың творчествосы туралы // Парасат.- 1991.- №4.- 18-19 б.
Сейдімбетов А . Бес белес // Социалистік Қазақстан. - 1991.- 26 сәуір.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сегізбаев Кәдірбек (1941 ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: