Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Роллан Сейсенбаев (1946 ж.)
Роллан Сейсенбаев (1946 ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:03 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Белгілі жазушы, драматург, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты Роллан Сейсенбаев Семейдің түлегі. 1970 жылы Семейдегі технологиялық институтты бітірген соң облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде жұмыс істеген. Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген. Қазақ жазушысы әуелі өз халқы мойындамай бөтен жұрт менсінбейді. «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынып жеткен жаз еді» кітаптары оқырмандар қолына қазақ тілінде жетті.

Мәскеуге КСРО Жазушылар Одағының бірінші хатшысы Г. Марковтың ұсынысымен жұмысқа алынды. Онда жазушылар одағында қазақ әдебиетінің өкілі болып жиырма жылдан астам қызмет атқырда. Оншақты кітап жазды.

«Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Отчаяние», «Трон сатаны» сол кездің туындысы. Аралдың қасіретті тағдырын сол кезде айтқаны үшін екі кітабы тағдырдың тәлкегіне түсті. «Трон сатаны» шетелде ағылшын тілінде шығарылды.

1985 жылдан бастап еркін шығармашылық еңбекке көшті. Ағылшын, француз, испан, парсы, араб, неміс, поляк, венгр тілдерінде он екі кітабы жарық көрді. Жазушының ең үлкен мақсаты Абайды бүкіл әлемге таныту болды. Абай арқылы қазақты дүние жүзіне таныстырды.
Сонымен, аударма жұмысы шұғыл қолға алынып, ЮНЕСКО –ның назарын ілікті.

Қазіргі уақытта Абай шығармалары он бес тілге аударылды. Англиядағы Королева баспасынан «Абай әлемі», «Қазақстан», атты екі кітап альбомын шығартты. 1995 жылы 15 ақпанда әлемнің орталығы саналатын Лондон қаласында Абай үйі ашылды..

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес драмалық шығармалар да жазған. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» деген пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды. Қазір де жазушы Шәкерімнің, Махамбеттің өлеңдерін ағылшын тіліне аудару үстінде. «Кенді Алтай» деген альбом іс үстінде.

Әдебиеттер:

Сейсенбаев Р. "Қазақ мәдениетінің елшісімін": [Талантты жазушы...Шығыс Қазақстанда болған сапарында әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев]// Дидар.- 1995. – 22 шілде.
Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат: [Жазушы...сұхбат/Сұхбаттасқан Ә.Дастанұлы]// Парасат.- 1995.-N5.-13 б.
Сейсенбаев Р. Семейдің күзін сағынып келдім: [Белгілі жазушы- драматург, халықаралық сыйлықтың лауреатымен әңгімелескен С.Төлеуов]// Семей таңы.- 1999.- 9-15 қыркүйек(N36).- Б.4.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін]: био-библиографиялық көрсеткіш / құраст: З.Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: Талант, 2005.- 96 б.
Төлеуов С. Ел намысы үшін күресетін азаматтар аман болсын: [Жазушы Р.Сейсенбаевпен сұқбат ]// Дидар.- 2000.-22ақпан

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Роллан Сейсенбаев (1946 ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: