Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Бәдел Тұрсынбаев жазушы (1905 жж.)
Бәдел Тұрсынбаев жазушы (1905 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:04 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Күршім өңірінде балалық шақтың бал дәуренін өткізген, аға ұрпақ өкілдеріне жақсы таныс, белгілі жазушылардың бірі - ақын Бәдел Тұрсынбаев. Өз замандастары арасынан лайықты орын алған жерлесіміз Күршімде туып, Семейде қаламын ұштап, Алматыда қызмет еткен. Бүгінде көзі тірі аға буын өкілдеріне Бәдел Тұрсынбаевтың 30-шы жылдары жазған өлең-очерктері, повесть, әңгімелері жақсы таныс.

Белгілі жазушы Б.Тұрсынбаев 1905 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Батпақтыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1926-1930 жылдары ауылдық Кеңес хатшысы, бастауыш класс мұғалімі болып қызметтер атқарған.

1928-1930 жылдары қолына қару алып, басмашыларға қарсы күрескен.

1930 жылдары газет қызметкерлерінің қысқаша курсын аяқтаған соң Семей облыстық «Екпінді» газетіне қызметке жіберіледі. Осы кезеңде алғашқы шығармаларымен жұртшылыққа таныла бастайды. 1933-1935 жылдары Семейдегі Комуздың ауылшаруашылық бөлімін оқып бітіреді.

1935-1949 жылдары Алматы облысы Байсерке орта мектебінің мұғалімі, директоры болып қызмет істеді. Кейіннен Жамбыл мұражайында қызмет атқарды. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін сырттай оқып бітірді. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі.

Қазақстан Совет жазушылары тұңғыш сьезінің делегаты. Алғашқы көлемді де мәнді шығармасы «Базар батыр» (1942) дастаны. Бұл дастанды ақын Ұлы Отан соғысы тұсында халқымыздың өткендегі ерлік тарихына арнап жазған. Ұлы Отан соғысының ардагері, гвардия капитаны күршімдік Сейітхан Зангинге арнап жазған «Капитан Зангин» дастаны патриотизм тақырыбындағы елеулі шығармасы.

Белгілі қаламгер азамат соғысы кезіндегі ауыл өмірі, байлар мен кедейлер арасындағы тап тартысы, ұжымдастыру кезеңіне арнап «Ауылдан келген жігіт» (1962), «Өмірлік достар» (1966) деген шағын повестерін жазған. Әңгіме, повестердің негізіне болған оқиғалар, жазушының көрген білгені арқау болған. Күршім өңіріндегі көнекөз қариялар Можбит пен Бишаның өмірде болғанын әлі күнге жыр ғып айтады. Тіптен «Можбит пен Бишаға ұқсап…» деген сөз тіркесі ел аузында әлі де бар.

Соғыстан кейінгі жылдары ақын ағамыз әдебиет өнеріне ден қойып, әдеби туындылары баспадан 11 жинақ болып жарық көрген екен.

Ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Бәдел Тұрсынбаев бала тәрбиесі мен жас ұрпақ мінезінің қалыптасуын зерделеп өз шығармаларына арқау еткен. Балаларға арналған «Көңілді балалық» (1955) атты өлең жырлары, «Түлкі мен қораз» (1959) балладасы, «Сұр мерген» дастаны, «Қуыршақ» (1959) көркем суретті кітапшалары 60-70 жылдардағы жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан шығармалар.

Ауыл өміріне арнап жазған «Ауыл мұғалімі» (1967) повесінің негізгі кейіпкерлері – күршімдіктер. Шығармада Совет өкіметінің алғашқы жылдарында Күршім өңіріндегі ауыл-селодағы халық ағарту ісінің қалыптасуы сөз болады. Еліміздің қай түкпірінде жүрсе де туған жерге деген пейілі телегей теңіз жазушы үшін Күршім өңірі ерекше ыстық болғанын артында қалған шығармаларынан сезгендейміз. Өйткені шығарма арқауы – Күршім өңірі, оның тарихы, азаматтары. Бәдел Тұрсынбаев – жай ғана жазушы емес, өз өлкесін жырлап өткен азамат.

Әдебиеттер тізімі:

Әміренов Х., Ахметжан Т. Балаларға бар ғұмырын арнаған: [Жерлес жазушы Бәдел Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл]// Дидар.- 1995.-10 маусым.

Әміренов Х., Ахметжан Т. Балаларға бар ғұмырын арнаған: [Жазушы Б.Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл]//
Қазақ әдебиеті.- 1995.-17 қазан(N26).-Б.15

Байбатыров Ғ. Шығыс Қазақстан ақындары: Көркем әдебиетті насихаттайтын лекторларға көмекші құрал /
Шығыс Қазақстан облыстық "Білім" қоғамы.- Өскемен: Б.ж., 1981.- 22б.

Балта Ә. Жақсыда жаттық жоқ// Дидар.- 2005. - 18 қазан. - Б. 4.

Рахметолдақызы Ш. Ұстаз-жазушы есімі ұмытылмақ емес: [Жерлес жазушы Б.Тұрсынбай ұлы туралы]// Дидар.-
1996.-18 қаңтар.

Сәдуақасов М. Жазушы жайлы бірер сөз// Коммунистік еңбек.- 1966. - 2 август.- Б. 3

Тұрар Қ. Ақынға құрмет: [Күршім ауд. жазушы Б.Тұрсынбаевтың 90 жылдық мүшелтойы өткізілді]//
Дидар.- 1995.-18 қараша.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Бәдел Тұрсынбаев жазушы (1905 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: