Волков Александр Мелентьевич (1894-1977 ж.ж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Волков Александр Мелентьевич (1894-1977 ж.ж.)
Волков Александр Мелентьевич (1894-1977 ж.ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:04 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Жазушы А.М.Волков 1891 жылы 14 маусымда Өскемен қаласында туған.

1907 жылы Томскідегі мұғалімдер институтына түсіп, оны бітірген соң Колываньда, Ярославльде мұғалім болып қызмет істеді. Ол 1912-1926 жылдары осында физика мен математика пәндерінен сабақ берген.

1929 жылы А.М.Волков Москва мемлекеттік университетінің математика бөліміне түсіп, оны мерзімінен бұрын бітіріп шықты. Ол көп жыл Москваның Калинин атындағы алтын және түсті металдар институтында жоғарғы математикадан лекция оқыды.

Елу жылға жуық ұстаздық қызметінде бірнеше ғылым қайраткерлерін даярлап шығарды.

Дегенмен де әдебиет сүйер қауым оны көрнекті жазушы ретінде жақсы біледі.

Александр Мелентьевич Волков әдебиеттегі алғашқы қадамын Өскеменде жасады. Ол балаларға арнап жиырмадан аса кітап жазған. Балалық шағында көрген естен кетпес естеліктері кейіннен "Ғажайып шар", "Ағайынды екі жігіт",
"Сәулетшілер", "Царьград тұтқыны" шығармаларын жазуға септігін тигізді. Сонымен бірге " Алпыс жыл. Өткендегі мен қазіргі туралы повесть " атты қолжазбасында да көрініс тапты.

"Ғажайып шар" романы орыстың тұңғыш ауада ұшатын ұшқышы туралы жазылған шығарма. Бұл А.С.Макаренконың қолдауымен 1940 жылы тұңғыш рет жарық көрді. Шығарманы жазуға автордың көне шежіреден тауып алған шағын әңгімесі себепші болды. Әңгіме негізінде бірінші ауа шары, оны жасаған орыс адамы туралы жазу мүмкін емес еді.
А.М.Волков орыс ғалымы Дмитрий Ракитинді аэростатты ойлап табушы және оны М.В. Ломоносовтың шәкірті етіп көрсетеді.

" Ағайынды екі жігіт" романы 1950 жылы жазылды. Кейін кітап орыс, румын, поляк, қытай тілдерінде басылып шықты.
Жазушының "Лағылтас қаласының сиқыршысы", "Урфин Джюс астындағы жеті король", "Маррандардың отты құдайы", "Сары тұман және иесіз қалған замоктың құпиясы" ертегі-повестерінің жазылу тарихы да қызық.

Бірде сонау отызыншы жылдары ағылшын тілінен аударма жасаумен айналысып жүріп, Александр Мелентьевич Фрэнк Баумның "Өз елінен келген данышпансымақ" ертегісіне сүйсіне қызығады. Ертегі өзінің геройларының даралығымен, таңқаларлық тағдырымен Волковты қызықтыра тартады. Ф.Баум бәрін де жақсы ойластырған. Бірақ ертегідегі оқиғалар кездейсоқ дамиды кейіпкерлерінің іс әрекетін байланыстыратын біртұтас жүйе жоқ. Олардың әрқайсысы тек өзі үшін әрекет етеді. Енді А.М.Волков ертегіге Виллиннің болжауын енгізеді. Сөйтіп бәрі де өз орнына келіп, ертегі логикасы қабысып, өз жөнін табады.

Сөйтіп А.Волков Ф.Баумның ертегісіндегі көп нәрсені өзгертті. Сюжетін дамытып, Тотошканың аузына сөз салып сайратады. Сиқырлы елде, тек құстар мен аңдар ғана емес, мұнда темір мен сабандардан жасалған адамдарға да тіл бітеді. А.М.Волков ертегілік повесіне "Лағылтас қаласының сиқыршысы" деп жаңа ат қойды. Бұдан соң оны С.Я.Маршактың қарауына жібереді. Ол авторға жазған хатында: "Сіз оқырманды білесіз, қарапайым жазасыз. Сізде юмор бар",- дейді.

С.Я.Маршактың ақыл кеңесімен " Лағылтас қаласының сиқыршысы" ертегілік повесі 1939 жылы жарық көріп, тез арада тарап кетті.

Біздің жерлес жазушымыз бұдан басқа да " Жер және аспан", "Үшінші мың жылға хат", "Өткелдегі елдегі екі достың бастан кешкендері" сияқты кітаптар жазды. Жазушының бұл туындыларын балалар ғана емес үлкендердің өзі де қызыға оқыды.

Александр Мелентьевичтің шығармалары сүйікті халқына, оның өткеніне, туған еліне деген ыстық махаббатқа толы. Ертегі повестерінің оқиғалары қызғылықты, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор. Адалдық пен арлылыққа тәрбиелейді.

Александр Мелентьевич драматург ретінде де жақсы таныс. Оның "Лағылтас қаласының сиқыршысы", "Урфин Джюс және оның ағаш солдаттары", "Жер астындағы жеті король" және басқа да шығармалары бұрынғы кеңестер одағының көптеген қалаларындағы қуыршақ театрларында қойылды. Олар шетел сахналарында қойылып, лайықты бағасын алған.
А.М.Волков 1977 жылы 3 шілдеде дүние салды.

Бүгінде оның соңында асыл мұрасы-кітаптары қалды.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Волков Александр Мелентьевич (1894-1977 ж.ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: