Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.)
Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:05 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.)

Ахмет Жүнісов 1926 жылы 20 маусымда бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданындағы Қызылтас аулында дүниеге келген. Бала шағында шекара ауып, жастық шағы ҚХР – да өтті. 1947 жылы Үрімжі қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, ол 1961 жылға дейін Шыңжан өлкелік «Шұғылы» журналының бас редакторы қызметін атқарып, алыс жердегі қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, көшбасшылық жұмыс жасады.

Оның алғашқы әңгімелері 50-ші жылдардың бас кезінен бастап жарық көреді. Шыңжан баспасынан шыққан алғашқы әңгімелер жинағына енген шығармалары кезінде қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған. Жазушылардың Пекинде өткен съезіне қатысып, зор беделге ие болған соң, Шыңжаң өңірінде Жазушылар одағын құруға тікелей ат салысады. Бірақ Қытайда басталған Мәдени революцияның кесірі белгілі жазушылар мен ақындарға «ұлтшыл» деген қара күйе жағылып, түрме қаупі төнгеннен кейін, туған жері Қазақстанға кетуден басқа жол қалмайды. Сөйтіп 1961 жылы ата мекеніне қайтып оралғаннан кейін Ақсуат селосындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы әдебиет пәнінен дәріс береді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, соңғы жылдары Алматы қаласына қоныс аударған еді. Елге оралған соң ұстаздық ете жүріп, ол шығармашылық жұмыспен айналысты. «Жанасыл», «Өмір іздері», «Аласапыран кез», «Жолаушы» жинақтарында қазақтың басынан кешкен ащы оқиғалары баяндалған. Жазушының ең сәтті шыққан туындысы – «Пәниден бақиға дейін» атты кітабы. Бұл қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ұлттық спорт ойындары жайындағы танымдық еңбек.

Жазушы драматургия саласына да қалам сілтеп, он шақты пьеса жазды. Мыңға жуық публистикалық мақала, екі жүздей әңгіме, он шақты повесть, үш романның авторы. Белгілі жазушы Ахмет Жүнісов 1998 жылы 72 жасқа қараған шағында дүние салды.

Әдебиеттер:

Зәкәрия Х. Ғибратты туындының тұсаукесері //Дидар. – 2004. – 27 сәуір.- Б. 4
Қалиев З. Шежірелі өлке жыршысы //Дидар. – 2006. – 4 сәуір. – Б. 4.
Қасымұлы А. Алтайдан ұшқан ақиық . - Өскемен: Шығыс Баспа, 1999.
Жұмаділов Қ. Бөлініп – жарылған ғұмыр // Қазақ әдебиеті. – 1998. – 10 сәуір. – Б. 15.
Толыбаев Қ. Оның рухы өр еді // Қазақ әдебиеті.- 1998. – 10 сәуір. – Б. 15.
Рахимов С. Қаламгер дарынның бір қыры:(Жазушы Жүнісостің туғанына 70 жыл)// Семей таңы. – 1996. – 13 тамыз.
Қабышев М. Екі елге ортақ жазушы// Семей таңы. – 1996. 13 тамыз.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: