Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Арғынбек Ахметжанов (1936 ж.)
Арғынбек Ахметжанов (1936 ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:05 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Арғынбек Ахметжанов (1936 ж.)

Сазгер Арғынбек Ахметжановтың туған жері (1936 жыл, 5 қантар) - Абай ауданы. Еңбек жолын Семей педагогика училищесін бітірген соң, 18 жасынан Абай ауданының Қасқабұлақ селолық мектебінде ән-күй пәнінің мұғалімі болудан бастаған. Мамандығы – педагог-филолог, журналист. Семейдің педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Абай ауданында, Семей облыстық газеті мен облыстық теле-радиокомпаниясында ұстаздық, комсомол-партиялық, журналистік қызметтерде атқара жүріп, 40 жыл бойы қазақтың қолөнер шеберлігі, музыкалық, ақындық, журналистік шығармашылық еңбектерімен шүғылданады.

Ұлы Абайдың 30-дан астам өлеңіне ән-романс, басқа ақындар мен өз өлеңдеріне әндер жазып, ел ішіне танымал болды, бірнеше дүркін ән байқауларының жүлдегері атанды. «Шыңғыстау», «Абай ұрпақтарының үні», Абай өлеңіне жазған «Тоты құс түсті көбелек» әндері автордың тұсаукесер шығармалары. Әндері «Әнің болып төгілемін», «Құлақтан кіріп, бойды алар» т.б. жинақтарға еніп, баспа беттеріне жарияланып, республикалық Қазақ радиосының «Алтын қорына» қабылданған. Арғынбек өз шығармаларын шәкірттеріне, әншілерге үйретіп, теле-радиохабарлар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, ұлы Абайдың рухани мұрасьн насихаттап келеді.

Абайдың көптеген өлеңдеріне ән жазды. Ол әнді Қазақстанға еңбегі сіңген артист, әнші Дауыл Хайруллин, әншілер Роза Байдалина, Гүлшат Еруовалар радио мен көгілдір экранда мерекелік концерттерде орындап келеді.

Арғынбектің жас кезінде шығарған «Шыңғыстау» әні бұл күнде жиі орындалып, көп дауыста сахнада орындалып жүр. Сонымен қатар «Ел табалмай», «Қалқам ай, мен үндемей жүремін көп» өлеңдерін Әміре Қашаубаев атындағы әншілер конкурсының лауреаты Санақ Әбеуов, әнші Болатқазы Еркежановтар жиі орындайды.

А.Ахметжанов Шәкәрім Құдайбердиевтың өнер жолын кеңінен зерттеп жүрген журналист. 1999 жылы баспадан «Сазды сапар» атты өмірбаяндық кітабы басылып шықты.
Сазгер Ахметжанов 1998 жылдан Семей филармониясында еңбек етеді.

Әдебиеттер:

Ахметжанов А. Сазды сапар: Өмір мен өнер туралы толғаныс. -Семей, 1999. Қайырбекұлы А.

Семейдің Бенвенутосы// Семей таңы.- 2003. - N 16. - Б. 1-2
Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік / Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана. Хабарлама - библиографиялық бөлім; құраст; З. Мағауина.- Семей, 2006.- 18 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Арғынбек Ахметжанов (1936 ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: