Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Уәли Айдаболов (1930 – 2000 жж.)
Уәли Айдаболов (1930 – 2000 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:06 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Уәли Айдаболов (1930 – 2000 жж.)

Болашақ сазгер Уәли Айдаболов Жарма ауданының сұлу табиғатты Мариновка селосында дүниеге келген екен. Жасынан ауыр жұмысты басынан кешірген Уәли соғыс жылдары үзілген оқуын 1947 жылы қайта жалғастырады. Ауылдық кеңес оны Семей қаласындағы темір жол училищеcіне оқуға жібереді. Темір жол училищесінің слесарьлық бөлімін бітірген соң, бір жылдан кейін Аягөзде іс-тәжірибеден өтеді. Сонда көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Орта әсері өнерге құштарлығын қозғап, табиғатына біткен музыкалық дарынының көзін ашуына ықпалын тигізеді. Сырттай М.Төлебаев атындағы музыкалық учлищені оқып бітіреді.

Жарма ауданында автоклубта қызмет істей жүріп, домбыра мен баян тартуды үйренеді. Кейінгі жылдары мұғалімдік қызметпен қатар алғашқы әндері жарыққа шыға бастайды. Олардың төл басы - Қ. Алтынбаевтың өлеңіне жазылған «Туған жер» әні еді. Оның жалғасы ретінде К.Шалқаров, Т.Әбдірахманованың өлеңдеріне жазылған «Алыстадың арманым», «Дос қандай» өндері дүниеге келді.

1973 жылы Семейге көшіп келіп, 16-мектепке орналасып, ән сабағынан 20 жылдан астам дәріс берді. Осы мектепте қызмет істей жүріп өнер адамдары Т. Базарбаев, Д. Хайруллин тәрізді өнер адамдарымен шығармашылық қарым-қатынаста болды. Шығармашылықта тың серпілістер жасап Абай әлеміне жақындай түсті.

Уәли Иманғалиұлы Айдаболов халық ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін "Халық ағартудың озық қызметкері" атағына ие болды. Мәдениет, оқу-ағарту министрліктерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Әдебиеттер:

Шыңғысұлы Б. Жас өнерпаздар ұстазы // Семей таңы.-1982.-12 май.
Шыңғысұлы Б. Өмірін өнерге арнаған // Семей таңы.-1993.- 26 қаңтар.
Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік / Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана.Хабарлама - библиографиялық бөлім; құраст; З. Мағауина.- Семей, 2006.- 18 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Уәли Айдаболов (1930 – 2000 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: