Роза Байдалина Олжайқызы (1936 ж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Роза Байдалина Олжайқызы (1936 ж.)
Роза Байдалина Олжайқызы (1936 ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:06 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Роза Байдалина Олжайқызы 1936 жылы Семей қаласында туған. Семейдің педагогика училищесін бітіріп, 18 жасынан бастап еңбек жолын ән шырқауға арнаған. 1961 жылы саз колледжінің ән бөлімін бітіріп, сол жылы облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына әнші болып өзінің еңбек жолын бастаған.

1969 жылы эстрада артистерінің республикалық байқауында лауреат атағын алды. Осы уақытқа дейін 40 жыл бойы өз өнерімен Қазақстанның мәдениетін көтеруде өзіндік үлесін қосып келеді. Өзінің көңіліне қонған музыкалық шығармалаын нота арқылы үйреніп репертуарына енгізіп, толықтырып отырады. Ұзақ жылдар бойы лекторий тобын басқарып, алуан түрлі маңызды тақырыптарда лекция-концерттер өткізді.

Әншінің репертуары кең және әр салалы. Әлемдік классика, орыс және ТМД сазгерлерінің шығармаларын шебер меңгерумен бірге, қазақтың халық әндерін де келістре орындайды. Мысалы, орыс классиктерінен Доргомыжскийдің, Рахмановтың, Чайковскийдің, Римский-Корсаковтың романстарын шебер орындады. Шетел композиторларынан С. Мұхамеджановтың, М. Төлебаевтың, Т. Базарбаевтың Н. Тілендиевтің әндері мен романстарын шырқады. Бүкіл өмірін ән өнеріне арнаған әнші, еңбек ардагері республикамыздың түкпір-түкпірінде гастрольдік сапарда болды.

Тыңның 10 жылдық медалімен, Мәдениет министрлігінің грамотасымен және мақтау грамоталарымен марапатталды.

Әдебиеттер:

Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған // Семей таңы. – 1991.- 3 қазан. Б. 4. Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара. – Алматы: Санат, 1998.- Б. 288 б.

Семей әншілері [Мәтін]: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Роза Байдалина Олжайқызы (1936 ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: