Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Базарбаев Теміржан (1935 ж.)
Базарбаев Теміржан (1935 ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:07 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Қазақ музыка өнерінің тұлғалы тұғырының бірі - Теміржан Базарбаев. Әріде атамекені Батыстан келіп, Талдықорғанның Үшарал балалар үйінде өскен бала жастайынан музыкаға бейім болып өсті.

1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1961 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды.

1979-1982 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесін басқарды.
Композитор шығармашылығынан туған Отан, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы тәрізді азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, "Қаздар қайтқанда", "Студенттік кештер", "Ауылым" әндерімен қатар, "Отан таңы", "Семей жастары", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Белгісіз солдат анасы", "Курган бессмертия", "Шалқыма", "Әнсіз қазақ болмаған", "Қазақстан", "Мен коммуниспін" т.б ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары.

Өнер қайраткерінің ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес. Сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек.

Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі.
Баспадан жарық көрген "Қаздар қайтқанда", "Ақбаян" жинағына отызға жуық әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н. Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған "Жаңа жерлер", "Қазақстан" т.б шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңарған құбылысының жемісі.

Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән ұясы. Отыз жылдан астам уақыт өмірі осында өтіп келеді. Сазгер әлі де шығармашылық ізденіс үстінде талмай еңбек етуде.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Базарбаев Теміржан (1935 ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: