Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Жолан (Жолдыбай) Дәстенов (1943-1991жж.)
Жолан (Жолдыбай) Дәстенов (1943-1991жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:07 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Жерлесіміз, сазгер Жолан Дәстенов Бесқарағай ауданы, Өндіріс селосының түлегі. Болашақ сазгер қарапайым жұмысшы отбасында туған. Семияр орта мектебін тәмәмдаған соң, Семей музыка училищесіне түседі. Басында баян класында оқыған, кейінен өз ыңғайын байқап музыка теориясы бөлімшесіне ауысады. Осыдан кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына түседі. Онда профессор Қ. Қожамияровтың композиция класын бітіреді.

Консерваторияны бітірген сазгер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында бір жылдай лекторлықпен шұғылданады. Енді бір жыл өткенде Композиторлар Одағына мүшелікке қабылданады. Кешегі шәкірт өзі де ұстаз атанып, көп ұзамай 1971 жылдан бастап консерваторияда сабақ береді. Бұдан соң біраз жылдар қазақ теледидары мен радиосында бас редактор қызметін атқарады. Ж. Дастенов Семей қаласында Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлмшесі құрылып, оның төрағалығына сайланады.

Кейінен қайта Алматыға оралып, Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болып қызмет етеді. Қазақтың музыка өнерін насихаттауда қанша елді шарлады. Қазақ, орыс тілінде телевидение мен радиодан 400 – ден аса материалдарды оқыды. Осындай қызметтерден басқа сазгердің шығармашылығы өз алдына бір сала еді. Композитордың оркестр мен виолончельге арналған концерті, оркестер үшін жазылған екі концерті, бірнеше симфониялық поэмалары, «Абайды еске алу» дейтін фортепианалық трио әндері, хор, романстары т.б. бар.

Композитор драмалық спектакльдерге де сөз жазған. «Тоқта мерген» атты мюзиклдің авторы Ж. Дәстенов болатын. Сазгердің балаларға арнап жазған тұңғыш операсы «Қаңбақ шал» 1979 жылы жарық көрді.
1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты атағын алды.
Шығармашылық өнерде ежелгі фольклорға ден қойды. Шығыстың саз мәдениетіне тән ортақ қасиеттерді бедерлендіре отырып, қазақ, өзбек, тәжік, ұйғыр халық музыкасының әуендерін үндестіре білді.
Сазгердің ең соңғы ірі шығармасы Абайдың осы аттас поэмасы бойынша жазылған «Ескендір» симфониялық поэмасы.
Дарынды сазгер 1991 жылы 10 қазанда қайғылы қазаға ұшырады.

Әдебиеттер:

Жасыл белес [Мәтін] / құраст. Қ. Найманбаев.- Алматы: Жалын, 1980.- 496 б.-(Біздің лауреаттар)

Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік / Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана. Хабарлама - библиографиялық бөлім; құраст; З. Мағауина.- Семей, 2006.- 18 б

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Жолан (Жолдыбай) Дәстенов (1943-1991жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: