Мәдениет Ешекеев (1936-1997 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Мәдениет Ешекеев (1936-1997 жж.)
Мәдениет Ешекеев (1936-1997 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:08 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Мәдениет Ешекеев - 1936 жылы 12 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туды.
1954 жылы орта мектепті бітірігеннен кейін Мәдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті.

1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертіне» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға дейін Семей облыстық Ә. Қашаубаев атындағы филормониясында еңбек етеді.

Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кененің, сазгерлер Ә. Еспаевтың, Шәмшінің, Б. Сыбановтың т.б шығармалары кеңінен танылған. Әсіресе Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсетті.

Атақты әнші Ж. Елебековтың шәкірті М. Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы тұлғасы деп айтуға болады. Мәдениеттің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржанның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің жетешісі Т. Ибрагимов. Жастар ұстазы, Республикалық Ә. Қашаубав атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.

Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды. Ол әр буында, әр ғасырда өткен өмірдің таразысы, жанды бейнесі.

Әдебиеттер:

Кәкімұлы Қ. Қазақ әнінің Құлагері [Мәтін] / Кәкімұлы Қ.// Ертіс өңірі.- 2006. - 2 тамыз. - Б. 8.

Кәрменов Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.- Астана: Фолиант, 2002.- 232 б.
Мұхаметқалиұлы У. Мың қиынды мұң көрмей жеңген Мәкең... [Мәтін] / Мұхаметқалиұлы У.// Ертіс өңірі.- 2006. - 13 желтоқсан. - Б11; 20 желтоқсан. -Б.12

Семей әншілері [Мәтін]: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Мәдениет Ешекеев (1936-1997 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: