Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Кәрменов Жәнібек (1949 - 1992 жж.)
Кәрменов Жәнібек (1949 - 1992 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:09 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Кәрменов Жәнібек 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Әнші, жазушы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі (1990 ж.).

Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірді

.Жәнібек "Өнер" баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті; көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне зор үлес қосты;

кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді.

Өнер тақырыбына арналған кітаптары ("Ақылбайдың әні", "Ғашықтың тілі", "Махаббат әні") жарық көрді. 1984 жылы концерттік-орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы ұсынылды. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) музыка мектебіне берілді.

Автомобиль апатынан қаза тапқан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Кәрменов Жәнібек (1949 - 1992 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: