Жамақаев Бекен (1931-1972 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Жамақаев Бекен (1931-1972 жж.)
Жамақаев Бекен (1931-1972 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:09 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгеріміздің бірі - Бекен Жамақаев.

Бекен Жұмабекұлы 1931 жылы Абай ауданының Саржал ауылынан елу шақырымдай Жанан деген жерде дүниеге келген.

Балалық шағы Семей қаласында өтті. Осындағы он алтыншы мектептің жетінші класын бітірді. 1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма театрында әртістік қызмет атқарды.

Мұнан соң 1948 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге түсіп, оны 1950 жылы барлық пәннен үздік бітіріп шықты. 1951-1952 жылдары облыстық радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылға дейін цензор болып істеді.
Болашақ сазгердің атағын шығарған Н.Шәкеновтің әні "Махаббат вальсі".

1955 жылы 28 қазанда Қазақ радиосынан әнші Р.Бағланованың орындауында бұл әннің тұсауы кесілді. Бұл ән Бекеннің бағын ашқан, Нұтфолла ақынның дарынын танытқан, Роза әншінің репертуарын байытқан ән осылай дүниеге келген.
Кейіннен сазгер халқына тағы бір тамаша ән сыйлады. Ол "Ертіс вальсі" деген ән. Сазгердің шығармашылық өрлеу кезеңі елуінші - алпысыншы жылдар аралығы болды. Әндерінің басым көпшілігі вальс ырғағына жазылғаны мәлім. Соның ішінде әнсүйер қауымның құмарын қандыра шартарапқа кеңінен тараған"Сен ғана", "Гүлім қайда", "Мереке вальсі", "Қарағанды вальсі" және басқалары. Классикалық опералардың клавирларымен молынан танысқан сазгер, ешқандай композиторлық білім алмай-ақ, өзіндік іздену нәтижесінде өзіне тән қолтаңбасын жасау бақытына қол жеткізді.
1972 жылы қаңтар айында қырық бір жасында талантты сазгер дүниеден өтті.

Алматыда тұратын баласы Бақытжан әке мұрасын жинастырып түрлі - түсті "Махаббат вальсі атты ән жинағын шығарған. Оған сазгердің отыз сегіз әні енгізілген.

Бекен Жамақаев пен Шәмші Қалдаяқов қазақтың ән өнерінде "Вальс корольдері" атанған хас таланттар. Екеуі де халқының жүрегінде мәңгі орнығып қалғандығы шындық.

Алматы, Семей шаһарларында көшелерге жаңа атаулар берілді. Олар қазақ халқының даңқты ұлдары мен қыздарының киелі есімдерін иеленді. Солардың ішінде сазгер Бекен Жамақаев есімі де сан жүректерден мәңгілік орын алды.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Жамақаев Бекен (1931-1972 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: