Рымбаева Роза Қуанышқызы (1957) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Рымбаева Роза Қуанышқызы (1957)
Рымбаева Роза Қуанышқызы (1957)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:10 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Рымбаева Роза Қуанышқызы 28.10 1957 жылы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келді.

Эстрада әншісі, КАЗКСР-інің халық артисі (1986). Алматы театр-көркемсурет институтының комедиялық музыкалық-драма факультетін бітірді (1984).

1976-79 жж. Республикалық жастар ансамблінің, 1979 жылдан "Қазақконцерт" бірлестігінің жанынан құрылған "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі болды.

Рымбаеваның репертуарында ТМД елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының (болгар, венгр, чех, испан, неміс, т.б.) әндері бар.

1976 жылдан бері гастрольдік сапармен Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Кубада, Польшада, Чехославакияда, Америкада, Францияда, Түркияда, Ауғанстанда т.б елдерде болды. Ол осы заман композиторларының шығармаларымен қатар халық әндерін де өзіндік үн-бояуымен нәшіне келтіре орындайды.

1977 жылы Болгарияда өткен эстрада артистерінің дәстүрлі халықаралық конкурсында бас бәйге - "Алтын Орфей" жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ,1977 жылы Сопотта, 1979 жылы Стамбулда өткен халықаралық конкурстардың лауреаты, 1983 жылы Кубада өткен "Гала-83" халықаралық конкурстың бас жүлдегері болды.

Бүкілодақтық Ленин комсомолы, (1985), және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976), Қазақстанның халық әртісі. Елінің ерекше құрметі мен сыйына бөленген әнші қазір еңбек жолының 25 жылдығына байланысты Жаңа ғасырда халқына жаңа әндер тартуда...

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Рымбаева Роза Қуанышқызы (1957)
Страница 1 из 11
Поиск: