Төлегенова Бибігүл Ахметқызы - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Төлегенова Бибігүл Ахметқызы
Төлегенова Бибігүл Ахметқызы
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:10 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы желтоқсанның 16-да Семей қаласында дүниеге келген.

Әнші (лирикалық-колоратуралық сопрано), КАЗКСР-інің (1958) және КСРО (1967) халық артисі, Социалистік Еңбек Ері (1991).

1954 жылы Алматы мемлекеттік консераваториясын бітірді. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады

Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген, әрі тұңғыш дәріс берген орыс жазушысы Г.И.Серебрякова болды.

Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдегі ет комбинатында жұмысшылықтан бастады.

1951-53 жж. Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының;

1956-71 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі;

1971 жылдан Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында еңбек етеді; 1979 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында пед. қызметпен (профессор) шұғылданады. Төлегенованың шебер орындаушылық өнерінің әсем де сазды даусының қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды.

Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты.

Бірнеше фильмдерде өз замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды.

Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ-та болды.

1957-58 жж. Москвада өткен әншілер конкурсының лауреаты.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының(1970 ж.) және КАЗКСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1966) лауреаты.

7-11 сайланған КАЗКСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Төлегенова Бибігүл Ахметқызы
Страница 1 из 11
Поиск: