Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Өлмесеков Келденбай Раузаұлы (1953)
Өлмесеков Келденбай Раузаұлы (1953)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:11 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Келденбай Өлмесеков 1953 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Құйған селосы, Күршім ауданында дүниеге келген.

Қаратоғай орта мектебін бітіріп, әскер қатарындағы міндетін өтейді.

Бала кезінен әнге әуес, өнерге құмар Келденбай жұмыс істеген жерлерінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көзге түседі. Ақыры тәуекелге бел буып, Алматыға оқуға аттанады. Жолы болып Республикалық эстрада студиясының әншілер бөліміне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шығады.

Қазақ өнерінің қос бәйтерегі, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтан дәріс алып, олардың баулуынан өтеді.

Еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына қызметке келді.

Содан бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Бүгінде репертуарында 300-ге тарта халық әндері, Абай, Ақылбай, Ақан, Біржан, Ағашаяқ, Үкілі Ыбырай, Мұхаметжан, Майбасар, Уәйіс, Міржақып, Жаяу Мұсаның және бүгінгі композитордан Т.Базарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың Т.Рахимовтың т.б. әндері бар.

Бұлардың арасында Шәкәрім, Шәкір әндері бір төбе.

Шәкәрім ақталмаған сонау бір жылдарыдың өзінде, келешекке сенім артып, ағалық ақыл-кеңесін беріп, ұлы тұлғаның ән-мұрасымен табысуына себеп болған Төкен Смайылұлы Ибрагимов.

Сөйтіп 1988 жылдан бастап, өнер жолының алтын өзегін Шәкәрім әлеміне бұрып, тыныс артты.

Шәкәрім әндері мен күйлері өзіндік өлшемімен, сезім тереңдігімен, нақыш-әуенімен ерекшеленеді. Өзегіне бойламай, жадағай орындауға келмейтін асыл дүниелер. Тума талант әнші осыны жүрегімен түсіне білді.

Сол кезден бастап, мұражай қорындағы Ахаттың, Шәкірдің, Ниязбектің, Қабыштың орындауындағы сақталған Шәкәрімнің ән қазынасы Келденбайға аманат етілді.

Келденбай осы жолда Шәкір Әбеновтей ғасыр куәсі болған Әулие ақынмен табыстырған тағдырына риза. Шәкәрім әндерін алғаш Шәкірден естіді.

Оның үстіне Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай Шәкәрімнің ән мұрасы мұрагерлерінің алдын көріп, сол асылдардың өнер мектебінде дәріс алу бақытына ие болды.

Қазір Келденбай Шәкәрімнің жиырмадан астам ән-күйлерін орындайды. Тек орындаушы ғана емес, терең білімді Шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша насихатшы. «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен кең байтақ елімізді еркін аралап жүр.

Келденбай - бүкіл республикада Шәкәрім әндерінің бірден бір орындаушысы.

Шәкәрім әндерінің ноталық негізін алғаш қағазға түсірген Талиға Бекхожина болса, олардың түпнұсқаға ең жақын орындаушысы Ниязбек Алдажаровтан кейін – Келденбай. Бұл шындықты Шәкір , Ниязбек, Ахаттардың өздері мойындап, ақ батасын берген. Ниязбек ағасы: «Шәкәрімді енді саған сеніп тапсыруға болады,» - деп әншінің маңдайынан сүйген.

Әншінің 25 әні Ілия Жақановтың редакторлығымен шыққалы жатқан лазерлі дискілі қазақ әндерінің антологиясына енді. Бұл үлкен жетістік.

Келденбай Өлмесеков Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы халық әндерін орындаушылар конкурысының лауреаты, (1980 ж)

Алматыда өткен музыкалық–зерттеушілер конкурсының дипломанты (1990 ж)

Алматыда Шәкәрімнің 140 жылдығына арналған К.Өлмесековтыңжеке шығармашылық кеші өтті. (1998 ж)

Қазақстанның өнеріне сіңірген еңбегі үшін, 2001 ж. Қазақстан Республикасы Президнтінің граматасымен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

Әдебиеттер тізімі:

Семей әншілері: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.

8-11 сыныптарда "Қазақ тілі" оқулығына арналған жергілікті жер материалдарын қосымша пайдалану//Сынып жетекшісі.- 2003. - N6. - Б. 31-40

Ахметбекова А. Шәкәрім әндерін орындаушы Өлмесеков: [Ш.Құдайбердиев әндерін орындаушы өнерпаз әнші К.Өлмесеков туралы]// Семей таңы.- 1998.- 20-26 тамыз

Зекенұлы Қ. Көшелі әншілер ізбасары// Семей таңы.-2003. - 12-18 қыркүйек. - Б. 15

Сәрсенбайқызы Ғ. Шәкәрім әнінің мұрагері// Дидар.- 2003. - 22 сәуір. - Б.3

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Өлмесеков Келденбай Раузаұлы (1953)
Страница 1 из 11
Поиск: