Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Александров Борис Викторович (1955- 2002 гг.)
Александров Борис Викторович (1955- 2002 гг.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:11 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Александров Борис Викторович (1955- 2002 гг.) Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Борис Александров 1955 жылы 13 қарашада Өскемен қаласында туған. Өскемен хоккей мектебінің үздік тәрбиеленушілерінің бірі.Өзінің командасында шабуылшы болып, 1972-73 жылдардағы маусымда ойнай бастады. Сәтті ойындармен көзге түсіп, даңқты ЦСКА командасына шақырту алды. Мұз айдынында Харламов, Петров, Михайлов, Третьяк, Викулов, Цыганков сияқты атақты ойыншылармен бірге шығып жүрді. 1975 жылдың мамыр айында Борис Александров алғаш рет, ал 1978-79 жылдары екі мәрте СССР чемпионы болды. ЦСКА құрамында алты маусым ойнаған Б .Александров 1980 жылы СКА құрамында, ал 1980-82 жылдары Москваның «Спартак» командасында ойнады. Борис Александров СССР чемпионатында үш алтын, үш күміс медаль алды. (1974, 1976, 1982 гг.).

1976 жылы Инсбурктағы қыстық олимпиада ойындарының чемпионы болды, сол жылы СССР құрама командасының құрамында Канада кубогына қатысты. СССР мен МХЛ чемпионатының 400 матчына қатысып, 177 гол соқты.
1990 жылы Александров үлкен хоккеймен қоштасып, бос уақытында «Алиса» студенттер командасында, «Ресей жұлдыздары» ардагерлер командасында ойнады.

1994 жылы Өскеменнің «Торпедо» командасына оралып, ойнайтын тренер ретінде қызмет атқарды.
1995-96 жылдардың ойын маусымдарында «Торпедоның» бас тренері болып, Қазақстан құрама командасын басқарды.
Б. Александровтың басқаруындағы еліміздің бас командасы үлкен жеңістерге қол жеткізді

1998 жылы Нагано қаласында өткен Олимпиада ойындарында 5-орын алып, «А» тобында ойнау құқығына ие болды.
2002 жылдың шілде айына дейін Өскемен «Казцинк- Торпедо» командасының бас тренері болды.

31 шілдеде 47 жасқа қараған шағында Челябинск қаласының маңында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, мәдениет қызметкері Борис Викторович Александров автомобиль апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға болған жерде хоккей шайбасы түріндегі ескерткіш пен Борис Александровтың суреті тұр.

Жаттықтырушылық өмірі онша ұзақ емес. Әйтсе де оған ешкім бақталас бола алған жоқ. Шеберлігі мен батылдығы, ержүректілігі мен темпераменті қарапайым табиғат берген қасиеттерін толықтырып тұратын. Егер мұз айдынында, Александров сәл басқаша, сәл ұстамдырақ болса, хоккей әлемі, хас шеберге тән қайталанбас қолтаңбасы бар ойыншыға таң қалмас еді.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Александров Борис Викторович (1955- 2002 гг.)
Страница 1 из 11
Поиск: