Сәбетқазы Ақатай (1938-2003 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәбетқазы Ақатай (1938-2003 жж.)
Сәбетқазы Ақатай (1938-2003 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:11 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Ақатай Сәбетқазы 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туған. 1969 ж. Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген.

1974 жылға дейін Алматы шет тілдер институтында ұстаздық қызметте болды. 1988 жылы Ықылас атындағы Ұлт-аспаптар мұражайының директоры қызметінде жүріп, қоғамның мәдени -саяси өміріне белсене араласты.

1970 жылдардың басында Мәскеуде «Жас тұлпар» атты қазақ жастары ұйымының құрамында студентер кеңесін басқарды. «Азат» қозғалысының алғашқы тең төрағаларының бірі болған.

«Тереңнен тартқан тамырлар», «Күн мен көлеңке», «Інжу- маржан», «Древние культы и традиционная культура казахского народа», «қазақ халқының синкреттік дүниетанымы» т.б. көптеген ғылыми еңбектер, публицистикалық мақалалар жазған.

Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Әдебиеттер тізімі:

Ақатай С. Інжу-маржан секілді: Эссе.- Алматы: Өнер, 1995.- 200 б.

Ақатай С. Ақ жол адастырмайды// Егемен Қазақстан.-2000.-6 шілде

Ақатай С. Қазақ зиялысы қайдасыз?: [Қазіргі ұлттық интеллигенцияның бет-бейнесі]//Қазақстан әйелдері.-1999.-N8.-Б8-9.

Ақатай С. Қазақ мемлекеті қалай пайда болды және оған Шыңғыс ұрпақтарының қатысы//Зерде.- 1997.-N1-6.-Б.25-28

Сейдімбеков А. Ақатай С. Ұлттық діл деген не ?: [Қазақ металитеті немесе ділі туралы ]// Ақиқат.- 1999.-N3.-Б.41-46.

Ақатай С. Абай ескерткіштері ақын тұлғасына сай ма? [Мәтін] / С. Ақатай.// Қазақ әдебиеті.- 1993. - 26 ақпан. - Б.4-5.

Ол туралы:

Ақтекенов Е. Кемел шағында: Күршімдік жерлес ғалым, танымал жазушы, сыншы С.Ақатай- 60 жаста]// Дидар.- 1998.-27 қазан

Ахетқызы М.Алаштың алға ұстар арысы// Егемен Қазақстан.- 2005. - 27 шілде. - Б. 10

Жақыпова Ш.Алтайдың түлеп ұшқан ақиығы: [Жерлес ғалым- жазушы.Ақатайдың өмірі мен шығармашылық қызметі жайында]// Рауан.- 1998.-13 қазан

Тәкебаев Қ.Сәбетқазы нағыз ұлтжанды азамат еді//Қазақстан - Заман.- 2004. - 1 қазан. - Б. 13

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәбетқазы Ақатай (1938-2003 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: