Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (1923-1978 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (1923-1978 жж.)
Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (1923-1978 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:12 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Аманов Төлеубай Ыдырысұлы 1923 жылы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Жаңасемей ауданы, Құрманқожа ауылында дүниеге келген. Семейдегі қазіргі №16, 11 орта мектептерден білім алып, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика- математика факультетіне оқуға түседі.

1943 жылы қаңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 жылы ақпанда Семейге оралып, сол жылы пединститутты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды.

1953 жылы физика-математика ғылымының кандидаты, ал 1967 жылы доктарлық диссертация қорғады. Семей педагогикалық институтының проректоры, Қазақ ССР Ғылым Академиясының математика және механика институтының директоры қызметтерін атқарды.

1969 жылы Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институының директорының орынбасары және ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институның директорықызметін атқарды. 1972 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті атанды.

Ғалым математика ғылымы саласында өзінің ғылыми-әлемдік маңызы зор еңбегін қорғады.

Математика ғылымында Аманов теориясы деген үлкен бір ғылыми жаңалығын, өшпес ізін қалдырды. Аманов Төлеубай Ыдырысұлының ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған.

Докторлық диссертациясында функциялардың SB класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. Амановтың жетекшілігімен 10 ғылыми кандидаты әзірленді. 50 жылдан астам ғылыми еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы № 16 мектеп, және туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Т. Ы Амановтың есімімен аталады.

Әдебиеттер тізімі:

ТүгісУ. Аманов теориясы: [Семейлік жерлесіміз, қазақтың әйгілі математик-ғалымы Т.Ы.Аманов туралы]// Семей таңы.- 1998.-27 тамыз-2 қыркүйек(N30).-Б.9

Мадрахимова Г. Ғалым тағылымы: [Семей өңірінен шыққан, аты әлемге әйгілі болған математик, ғалым Төлеубай Ыдырысұлы Аманов туралы]// Дидар.- 2002.-18 мамыр.-Б.4

Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т. 1. А-Ә / Бас редактор Ә.Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.- Б. 720 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (1923-1978 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: