Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәрсен Аманжолов (1903-1958 жж.)
Сәрсен Аманжолов (1903-1958 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:12 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline

Қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог ғалымы. С. Аманжолов 1903 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде дүниеге келген. 1916 жылы Катон-Қарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищеге түседі.
1920 ж.

Семей қаласындағы үш айлық мұғалімдік курсқа түсіп, оны жақсы бағамен аяқтайды. 1919-1922 жылдары мұғалім қызметін атқарады. 1922 жылдың 1- мамырынан 1924 жылдың 2- маусымына дейін Бұқтырма уезінде халық соты болады. 1924 жылдың 1 – маусымнан 1926 жылдың 1- мамырына дейін Шығыс Қазақстан облысының Атқару Комитетінде жауапты хатшы, ал 1928-30 жж. Орта Азия жазушылар бюросындағы қазақ жазушылары секциясының төрағасы. Орта Азия Орталық партия Комитетінің және Қазақстан өлкелік партия Комитетінің ұйғаруы бойынша, 1958 ж. ашылған Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына С. Аманжолов 1931 ж. күзінде оқытушылық қызметке келді.

Осы жылы бұл институтта әрі аспирант, әрі ассистент болып жүріп көлемді оқулықтар мен бағдарламалар жазу ісіне кірісті. Жас ғалымның алғашқы көлемді еңбектері 1931 ж. Ташкентте басылып шықты.6 сыныпқа арналған «Қазақ тілі грамматикасы» атты кітабы 1932 жылы Алматыдағы Мемлекеттік баспадан басылып шықты.
1934-40 жж. орта мектептерге арналған «Қазақ тілі» грамматикалық оқулық болып шықты. Бұл грамматика мектеп балаларын оқытуда мұғалімдерге ұсынылған тұңғыш оқулық еді.

С. Аманжолов – тұңғыш рет жасалған қазақ тілі бағдарламасының авторы. Бұл бағдарлама 1938 жылы жарыққа шықты.
1939 - 1957 жылдары жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілі диалектологиясының бағдарламасын жасады. Профессор С.Е. Малов С. Аманжоловтың қазақ тіл біліміне, қазақ тілінің орфографиясына сіңірген еңбегіне зор баға берді.
Аманжолов көрнекті тюрколог, қазақ тіл ғылымының терминологиясына үлкен мән берді.

Ғалым орфографияға, түсіндірме сөздіктер жасау ісіне зор көңіл бөлді. 1940 ж. орфографиялық сөздігі жарық көрді. 1944-45 жж. «Қызыл Армия үгітшісінің блокнотында» аудармашы, әрі редактор қызметін атқарды.

1954 ж. ол Қазақ ССР академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1948-1958 жылдары Қазақ КСРО Ғылым Академиясы Институтының тіл және әдебиет бөлімін басқарды. Өмірінің соңына дейін ғылыми-педагогикалық қызметтен қол үзбеген ғалым.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне жерлесіміз С. Аманжоловтың есімі берілді.

Әдебиеттер тізімі:

Алаш қайраткері С. Аманжолов// Ақиқат.- 2004. - N 2. - Б. 51-55

Оразалин С. Мол мұра қалдырған ғалым// Ақ Ертіс - Иртыш.- 2003 . - N 6. - Б. 63 -66

Оспанова Б. С. Аманжоловтың еңбектеріндегі сұраулы сөйлемдер жайындағы пікірлері / Оспанова Б.// Ұлт тағылымы.- 2005. - N 4. - Б. 285-288

Оспанова Б. С. Аманжоловтың "Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы" еңбегіндегі тұрлаулы мүшелердің зерттелуі / Оспанова Б.// Ізденіс. ГШаяхметов М. Аманжоловтың туған жылы жөнінде бір дерек// Дидар.- 2003. - 4 қазан. - Б. гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2005. - N 3. - Б. 182-185

Шүкірұлы С.Тіл ғылымының ірі тұлғасы// Ана тілі.- 2003. - 12 маусым. - Б. 8

Зарина Х. Ғалым туралы бір дерек// Дидар.- 2003. - 20 желтоқсан. - Б. 5

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім)/ Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б.

Тарихи тұлғалар: танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған / құраст. Б. Тоғысбаев, А. Сужикова.- Алматы: Алматыкітап, 2005.- 368 б.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сәрсен Аманжолов (1903-1958 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: