Зәки Ахметұлы Ахметов (1928-2002 жж.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Зәки Ахметұлы Ахметов (1928-2002 жж.)
Зәки Ахметұлы Ахметов (1928-2002 жж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:14 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline

Ғұлама ғалым Зәки Ахметұлы Ахметов 1928 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы он бес жасында Қазақ мемлекеттік университетінің тіл мен әдебиет факультетіне түсіп, 1947 жылы үздік бітіріп шықты. Ғылымға деген зор қабілеттілігі ескеріліп, КСРО Ғылым академиясының Ленинградтағы шығыстану институтының аспирантурасына арнайы жолдамамен жіберіледі.

1951 жылы «Лермонтов және Абай» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Осы диссертация негізінде орыс тілінде «Лермонтов және Абай» кітабы басылып шықты. Академик ғалымның әдебиеттанудағы аса күрделі терең ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 1965 жылы орыс тілінде жарық көрген «Қазақтың өлең құрлысы» атты диссертациясын өте табысты қорғап, филология ғылымдарының докторы дәрежесін иеленді.

1951-1975 жылдарда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, декан және Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.

1970 жылдары ғұлама ғалымның «Қазақ поэзиясының тілі туралы»,1973 жылы «Өлең сөздің теориясы» атты кітаптары басылып шықты.
1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының тілші мүшесі, 1983 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланды. 1975-1981 жылдарда Қазақ ССР ғылым академиясы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер иниституты мүдірінің орынбасары болып қызмет атқарды.

1976-1984 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, 1984-1986 жылдарда Қазақ ССР Ғылым академиясының вице-президенті болды. 1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғалым есімі біздің елімізде және шетелдерде әдебиет теориясының, өлең құрлысы саласының өте білікті маманы, ғылыми мектептің негізін салушы ретінде танымал болған.

Әдебиетанушы ғылымының аса көрнекті теоретигі ретінде академик абайтану және әуезовтану саласында ұзақ жылдар үздіксіз жемісті еңбек етті.
1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай «Абайдың ақындық әлемі атты» монографиясы жарық көрді. Сонымен қатар оннан астам монографиясы, 400-ден астам мақаласы жарық көрді. Оның жетекшілігімен 20-дан артық кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалған.

1996 жылы Халықаралық қоғамдық Айтматов академиясының академигі болып сайланды. Ол «Абай» энциклопедиясының ең белсенді авторы болып, осы еңбектің көптеген мақаласын жазды. Абайдың әдеби мұрасын мұқият зерттеп, тиянақты жинап насихаттауда сіңірген зор еңбегі үшін 1996 жылғы әдебиет,өнер,архитектура саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген құрметті атаққа ие болды. Зәки Ахметұлы- 2002 жылы 17 желтоқсан күні 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ғалымның артында өте құнды ғылыми мұрасы қалды.

Әдебиеттер:

Ахметова З. Ғұлама ғалым [Мәтін] / З. Ахметова// Ұлан таңы.- 2008. - 23 ақпан. - Б. 5.

Бекниязов Т. Талғамы терең ғалым: [Академик З.Ахметов 70 жаста]// Түркістан.- 1998.-6-12 мамыр.-Б.4

Жақып Б. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек: [Зәки Ахметовтың Абайдың ақындық әлемі"атты кітабы туралы]// Қазақ әдебиеті.- 1995.-1 тамыз.-(N15).- Б.7

Зәки Ахметұлы Ахметов// Егемен Қазақстан.- 2002. - 20 желтоқсан. - Б. 6

Қазақ ғылымының қайраткері: [Академик Зәки Ахметұлы Ахметов- 70 жаста.]// Алматы ақшамы.- 1998.-5 қазан.-Б.3

Қасымбеков С. Алтайдан ұшқан тас түлек: [Академик З. Ахметов- 70 жаста]// Арай.- 1998.- N9-10.- Б.10-11

Майтанов Б. Биік белес: [Көрнекті ғалым академик З.Ахметов 70 жаста]// Егемен Қазақстан.- 1998.-1 мамыр

Майтанов Б.Қ. Сөз сыны (ХХ ғасыр әдебиетінің көріністері): Зерттеулер, мақалалар, портреттер.- Алматы: Ғылым, 2002.- 344 б.

Молдаханов Ә. Ғұлама ғалым: [Академик З.Ахметов 70 жаста]// Дидар.- 1998.-4 қыркүйек

Негимов С. Ғұлама ғибраты// Егемен Қазақстан.- 2003. - 24 қаңтар. - Б. 4

Шойынбет Ж. Академик сынағы немесе ізгілікті аңсау// Ана тілі.- 2003. - 8 мамыр.- Б. 7

Ыбыраев Ш. Қазақ өлеңінің зергері: [Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, пофессор Зәки Ахметұлы Ахметов туралы.]// Егемен Қазақстан.- 1998.-14 қазан.-Б.3

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Зәки Ахметұлы Ахметов (1928-2002 жж.)
Страница 1 из 11
Поиск: