Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сарқытбаев Сәдуақас (1905-1985 ж. ж.)
Сарқытбаев Сәдуақас (1905-1985 ж. ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 19:15 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline

Сарқытбаев Сәдуақас 1905 жылы Күршім ауданының Құлбай деген жерінде дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан айрылған Сәдуақас қарындасы екеуі Күршім өзені бойындағы Бестерек деген жерде тұрмыстағы апайының қолына келеді. Сәдуақас өмірі Өтей елімен, Күршім бойымен тығыз байланыста болуы осыдан болар. Осы жерде жүріп, алғаш кеңес өкіметі істеріне араласа бастайды.

1937 жылы өз қолымен латын әрпінде жазылған өмірбаянында: “Мен тұрған “Бестерек” деген жерге таяу, 1925 жылы қарағайдан қиып, темір шатырлы мектеп салынды, құрылысқа ауыл жастары тартылды, мен де бардым. Келесі 1926 жылы Ақтүбек мектебі салынды. Мен 20 жасымда сол мектептің бірінші сыныбына бардым. Сол жылы мұғалімдер мені бірден үш сынып бітіртіп, 1927 жылы осы мектепке бірінші сыныбына мұғалім болып қызмет істедім” – деп жазған екен. Осы дерек туралы ауыл ардагері, ақсақал, марқұм Әшен Құрманғалиев өз естелігінде:

“Мен 1927 жылы Ақтүбек мектебінің бірінші сыныбына бардым, мұғаліміміз Сарқытбаев Сәдуақас еді” – дейді. Сәдуақас мектептегі мұғалімдік жұмысты Жергілікті Кеңес жұмысымен аралас атқарды. 1924 жылдан комсомол мүшесі, 1937 жылдан партия мүшесі болып, сол кезеңдегі аудан көлеміндегі ауқымды істерге өз ізін қалдырған азамат. 1928 жылы территориялық аудандастырылу жүргізіледі. Бұрынғы Семей округі, Бұқтырма уезі, Күршім-Алтай болысынан Күршім ауданы құрылды. Аудан орталығы Құмаш (қазіргі Күршім ) ауылы болды. Осы жылдары Сәдуақас Сарқытбаев мұғалімдік жұмысымен қоса, “Бестерек, “Көкжота” колхоздарын ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. 4-ші ауыл кеңесі хатшылық қызметін де атқарады.

1930-31 жылдары Қойтас бастауыш мектебінде мұғалім, меңгеруші болып қызмет атқарады. Кейіннен Ақтүбек мектебінде мұғалім, директор қызметін атқарады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі бірінші шақырылуына депутат болып сайланған, Ақтүбек мектебі, Маралиха мектептерінің директоры, аудандық оқу бөлімінің бастығы, аудандық газет редакторы 1938-39, 1941-42, 1946-50 жылдары Күршім аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, әлденеше рет Пленум мүшесі болған. Ұлы Отан соғысының ардагері, үш жыл бойы атқыштар ротасын басқарған, бірнеше орден, медальдардың иегері, Сәдуақас Сарқытбаевтың Күршім ауданының өміріне, ондағы халыққа білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі зор.

Сәдуақас Сарқытбаев 1985 жылы Ақтүбек жерінде қайтыс болған.

Сарқытбаев туралы:

Жақпарова Т. Жақсының аты өшпейді// Семей таңы.- 2005. - 22 сәуір. - Б. 3

Қайырбаев Т. Алдыңғы толқын ағалар//Рауан. – 2008. – 28 маусым. – Б.2

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сарқытбаев Сәдуақас (1905-1985 ж. ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: