Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Жас жазушы - Серік Қасым Төреханұлы өлеңдері
Жас жазушы - Серік Қасым Төреханұлы өлеңдері
КосжановДата: Четверг, 11.11.2010, 19:50 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Сағынбағын.....

Ақын емес, ақылсыз ақымағың
Сенде мені тасташы сағынбағын
Менде бүгін дәл солай істейінші
Солай істеп мен сені сағынбайын

Сағынбадым, бірақ та жалындадым
Сағынбадым, мен сені сағынбадым.
Арнайыншы бірақ та әнім, жаным
Жүрегімнен арналған сағым әнін...

Кетші менен жолама өтінемін
Мүмкін менде сол кезде жетілемін
Түсінемін сол сәтте махаббаттың
Ауыр, қиын, астамшыл өткелдерін

Қарамашы, бұрмашы маған мәнді
Сонда сенің өмірің болар сәнді
Жыламашы, тіптен жаным қайғырмашы
Мені тастап мәңгіге бағыңды ашшы!!!

Туған күніңмен бөбегім

Құтты болсын туған күнің бөбегім
Мынау саған қардан да ақ тілегім
Сенің мынау жарқыраған түріңе
Бақыт, күлкі, қуанышты мен тіледім.

Өмір жолың сәтті болсын балапан
Шырқап берем керек десең калап ән
Саған деген менің жарқын жүрегім
Мәз болады сендегі үлкен талаптан

Сүйіп сенің бетіңнен мен өбейін
Қуанышты күніңді көп көрейін
Қарындасым енді саған айтарым
БАҚЫТ, БАЙЛЫҚ, ҰЗАҚ ӨМІР тілейін

Әкеме

Әке сен құдіретсің мен үшін
Таусылмасын, сарқылмасын нұр, күшің
Менің Сізге арнайтұғын жырымды
Ашты деп біл,
Сізге арнаған сырымды

Сіз менің әнімсіз ғой, сәнімсіз
Бұл әлемде жалғыз ғана барымсыз!
Сәл күте тұр, шыдашы өтінемін
Сіз үшін мен әрқашан жетілемін

Бақыттымын білесіз бе мен деген?
Сіздей әке жер бетінен көрмеген
Жайнап жүрші әкетайым күлімде
Бар бақытым тұр ғой сенің күлкіңде

Мұңайма менің мұңыма тығып мұңыңды
Түсінісе алмас жүрегім енді бұныңды
Оданда менің көгімде үлкен күн болып
Қарсы алшы әке қаладан келген ұлыңды.

Жас жазушы - Серік Қасым Төреханұлы

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Жас жазушы - Серік Қасым Төреханұлы өлеңдері
Страница 1 из 11
Поиск: