Ұжымдық шарт - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:41 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Ұжымдық шарт
32-бап. Ұжымдық шарт жасасу туралы шешiм қабылдау
құқығы
1. Бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және бiр немесе бiрнеше қызметкерлердiң өкiлдерi ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келiссөздер жүргiзедi.
Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы ұсыныспен екiншi тараптан хабарлама алған тарап он күн мерзiм iшiнде оны қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндeттi.
2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттар жасасатын тараптардың барлық өкiлдерiмен келiссөздер жүргiзедi.
3. Ұйымда бiрнеше кәсiптiк одақтар болған кезде олар келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құра алады. Бұл ретте олардың әрқайсысына бiрыңғай орган құрамында келiссөздер жүргiзу жөнiнде өздерi аттарынан өкiлдiк етiлетiн кәсiптiк одаққа мүше қызметкерлер санына тепе-тең өкiлдiк принципi негiзде өкiлдiк етуге құқық берiледi.
Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушiмен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерiн бiлдiру үшiн кәсiподақ ұйымының органына да, сол сияқты өзге де өкiлдерге уәкiлеттiк беруге құқылы.
4. Келiссөздер жүргiзiлетiн уақытқа келiссөздер жөнiнде екiжақты комиссия құрылады, оған екi жақтан да тең мөлшерде өкiлдер енедi.
Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
33-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы
1. Ұжымдық шарттың мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты комиссияда тараптар белгiлейдi.
Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн.
2. Ұжымдық шарт:
оның қолданылу мерзiмi туралы;
орындалуын бақылау тәртiбi туралы;
шарт талаптарының орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк туралы;
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды.
3. Ұжымдық шарттардың ережелерi қызметкерлердiң құқығын шектемеуi, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi бұзбауы керек.
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
34-бап. Ұжымдық шартты әзiрлеудiң, жасасудың және
мониторингiнiң тәртiбi
1. Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның қарауына енгiзуге тараптардың кез келгенi бастамашы болуы мүмкiн.
Жобаны ұйымның қызметкерлерi мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi анықтайды.
Жобаны комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.
1-1. Ұжымдық келiссөздер тараптары ұжымдық келiссөздер жүргiзу үшiн қажеттi өздерiнде бар ақпаратты бiр-бiрiне ұсынуға тиiс.
1-2. Келiссөздерге қатысушылар алынған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес.
1-3. Егер тараптар ұжымдық келiссөздер барысында қаралып отырған кейбiр мәселелер бойынша келiсiмге келе алмаса, реттелмеген мәселелер келiспеушiлiктер хаттамасына енгiзiледi және олар бұдан кейiнгi келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкiн.
1-4. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргiзу үшiн жұмыс берушi бiр ай мерзiмде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiне беруге мiндеттi.
2. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген жағдайда ұжымдық шарт кемiнде екi дана етiп жасалады және оларға тараптардың өкiлдерi күнтiзбелiк он күн iшiнде қол қояды. (Z922800 қараңыз)
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
1. Ұжымдық шарт тараптар белгiлейтiн мерзiмге жасалады.
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болады. (Z922800 қараңыз)
2-1. Ұжымдық шарттың күшi ұжымдық шартқа өз атынан қол қойған қызметкерлерге қолданылады.
3. Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшiнде қалады және қолданыла бередi.
4. Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) кезеңiнде өз күшiн сақтап қалады. Кейiннен ұжымдық шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. (Z922800 қараңыз)
5. Ұйымның меншiк иесi және мүлкi ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, өзгертiлуi және толықтырылуы туралы келiссөздер бастауға құқылы.
6. Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың өзара келiсуi бойынша ұжымдық шартта белгiленген тәртiппен ғана жүргiзiледi.
8. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлердi ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.
Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35-1-бап. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздерге
қатысушыларға берiлетiн кепiлдiктер
1. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзiлген уақытқа орташа айлық жалақысы сақтала отырып еңбек мiндеттерiн орындаудан босатылады. Осы мерзiм олардың еңбек стажына енгiзiледi.
2. Жұмыс берушi ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi жүргiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Ұжымдық шарт
Страница 1 из 11
Поиск: