Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастары - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастары
Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастары
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:41 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Қызметкерлердiң жекелеген санаттарыныңеңбек қатынастарын реттеу
36-бап. Маусымдық қызметкерлер
1. Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкiл күнтiзбелiк жылда емес, алты айдан аспайтын белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады.
2. Маусымдық қызметкерлерге осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және маусымдық жұмыс сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

37-бап. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек
шартын жасасу
Маусымдық қызметкерлердi жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ белгiленбейдi.
38-бап. Маусымдық жұмысқа жасалған жеке еңбек шартын
бұзудың негiздерi
1. Маусымдық жұмыстармен айналысатын тараптың екiншi тарапты бұл туралы бiр апта бұрын ескертiп, жеке еңбек шартын өз қалауы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзуға құқығы бар.
2. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс берушiнiң бастамасымен (осы Заңда көзделген басқа негiздердi қоспағанда), сондай-ақ:
1) жұмыс берушiдегi жұмысты өндiрiстiк сипаттағы себептер бойынша екi аптадан астам мерзiмге тоқтатқан;
2) дәлелдi себепсiз бiр жұмыс күнi iшiнде жұмыс орнында болмаған және еңбекке уақытша жарамсыздығы себептi бiр ай бойы жұмыста үздiксiз болмаған жағдайларда да бұзылуы мүмкiн.
39-бап. Yй қызметкерлерi
1. Жұмыс берушi - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс iстеуге (қызмет көрсетуге) жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлерi деп танылады.
2. Жұмыс берушi - жеке тұлғалар мен осы жұмыс берушiлерде үй шаруашылығында жұмыс iстейтiн қызметкерлер арасында жұмысты (көрсетiлетiн қызметтердi) орындауға байланысты туындайтын өзара қатынастар жеке еңбек шартымен ресiмделедi.
3. Үйде iстейтiн қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен кез келген уақытта бұзылуы мүмкiн.
4. Үй қызметкерлерiне осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және үй қызметкерлерi еңбегiнiң сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

40-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
1. Жұмыс берушiмен өзiнiң материалдарымен және өзiндегi немесе жұмыс берушi бөлетiн не жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетiктерiн пайдалана отырып, жұмысты үйiнде өз еңбегiмен орындау туралы жеке еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер деп саналады.
2. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлерге осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және үйде iстейтiн қызметкерлер еңбегiнiң сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

41-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың
еңбегi
Вахталық әдiс қызметкерлердiң тұрақты тұрғылықты жерiне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкiн болмайтын, олардың тұрақты тұратын жерiнен тыс жерде еңбек процесiн жүзеге асыруының айрықша нысаны болып табылады.
Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстеуге тартылатын қызметкерлердi жұмыс жүргiзу объектiсiнде болған кезеңiнде олардың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған тұрғын үймен, жұмыс орнына апару мен қайтаруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшiн жағдайлар жасайды.

42-бап. Вахтаның ұзақтығы
Объектiдегi жұмысты орындау мен вахталық поселкедегi ауысым арасындағы демалыс кезеңi күнтiзбелiк он бес күннен аспауы керек.
Жұмыс берушi жекелеген объектiлерде вахтаның ұзақтығын ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша отыз күнтiзбелiк күнге дейiн белгiлей алады.
43-бап. Вахталық әдiспен жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының
есебi
Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде ай, тоқсан немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.
Есептiк кезең бүкiл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан жерiнен немесе жиналатын жерден жұмыс iстейтiн жерге дейiнгi жолдағы және керi қайту жолындағы уақытты, сондай-ақ белгiлi бiр күнтiзбелiк уақыт бөлiгiне тиесiлi демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептiк кезеңi iшiндегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Заңда белгiленген нормадан аспауға тиiс.
44-бап. Қызметкерлердiң өзге де санаттары
Қызметкерлердiң өзге санаттарының еңбек қатынастарын реттеу осы Заңға және қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын айқындайтын өзге де заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастары
Страница 1 из 11
Поиск: