Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:42 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Жұмыс уақыты
45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.
2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.
3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн.
46-бап. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды (өтe зиянды) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгiленедi.
2. Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
47-бап. Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасы
және күнделiктi жұмыстың ұзақтығы
Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсе отырып, және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.
Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс.
Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс берушi белгiлейдi.
Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
48-бап. Түнгi уақыттағы жұмыс
1. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.
2. Жүктi әйелдердi түнгi уақытта жұмыс iстеуге тартуға олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
3. Түнгi уақытта жұмыс iстеуге он сегiз жасқа толмаған адамдар мен түнгi уақытта жұмыс iстеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жiберiлмейдi.

Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
49-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарды шектеу
1. Осы Заңның 45-бабында белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзiмнен тыс жұмыстар деп есептеледi.
2. Мерзiмнен тыс жұмыстарға тартуға, осы Заңның 51-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер мен жүктi әйелдер жiберiлмейдi. Мүгедектер, жетi жасқа толмаған баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға олардың жазбаша келiсiмiмен тартылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
50-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстардың шектi мөлшерi
Әрбiр қызметкер үшiн мерзiмнен тыс жұмыстар бiр күнтiзбелiк күн iшiнде екi сағаттан (ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда - бiр сағаттан) аспауға тиiс. Бұл ретте мерзiмнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы аптасына төрт сағаттан, aл ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда аптасына екi сағаттан аспауға тиiс.
Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауiптi кезде мерзiмнен тыс жұмыстарға тыйым салынады.
Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
51-бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен тыс
жұмыстарға жол берiлетiн ерекше жағдайлар
Қызметкердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана:
1) елдiң қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндiрiстiк аварияларды болғызбау немесе олардың зардаптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстарды жүргiзу кезiнде; (Z030387; Z050029)
2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, көлiк, байланыс жөнiндегi қоғамдық қажеттi жұмыстарды жүргiзу кезiнде - олардың дұрыс жұмыс iстеуiн бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшiн;
3) егер жұмыс үзiлiстi көтермейтiн болса, ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде осы Заңның 50-бабында көзделген сағаттар санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру үшiн жол берiледi.
52-бап. Жұмыс уақытының есебi
1. Жұмыс берушi қызметкердiң сол жұмыс берушiде нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытының есебiн жүзеге асыруға тиiс.
2. Өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердiң белгiлi бiр санаты үшiн белгiленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкiн емес, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдарда, жекелеген өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде, бөлiмшелерде және кейбiр жұмыс түрлерiнде есептi кезең iшiнде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына осы Заңда белгiленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзiмiнен аспауға тиiстi жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебiн жүргiзуге жол берiледi.
3. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күнi немесе жұмыс аптасы сағаттарының нормасынан артық немесе кем болуы мүмкiн.
4. Есептi кезең iшiндегi жұмыс уақыты сағаттарының жиынтығы осы кезеңдегi сағаттардың нормасына тең болмауы мүмкiн.
5. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн жасаған кезде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген орташа жұмыс күнi мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиiстi шектегi кезең есептi кезең болып танылады.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдану тәртiбi жұмыс берушiнiң актiлерiмен айқындалады және ұжымдық шартпен белгiленедi.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
Страница 1 из 11
Поиск: