Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс
Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:42 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Демалыс уақыты
53-бап. Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс
1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) iшiнде қызметкерге демалу және тамақтану үшiн жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзiлiс берiлуге тиiс. Бұл үзiлiс жұмыс уақытына енгiзiлмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiлерiнде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгiленедi.
3. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкiн емес жұмыстарда жұмыс берушi қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртiбi мен орны қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
54-бап. Арнаулы үзiлiстер
Жылдың суық мезгiлiнде ашық далада, жылу берiлмейтiн жабық үй-жайларда жұмыс iстейтiн, жүк тиеу-түсiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшiн арнаулы үзiлiстер берiледi. Арнаулы үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады.
Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс iстейтiн әйелдерге демалу мен тамақтану үшiн берiлетiн үзiлiстен басқа, баланы тамақтандыру үшiн кемiнде жұмыстың әрбiр үш сағаты сайын ұзақтығы отыз минуттан кем болмайтын қосымша үзiлiс берiледi.
Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан да көп баласы болған жағдайда қосымша үзiлiстiң ұзақтығы кемiнде бiр сағат болып белгiленедi. Баланы тамақтандыру үшiн берiлетiн үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады және ақы төлеуге жатады.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
55-бап. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы
Жұмыстың бiтуi мен оның келесi күнде (ауысымда) басталуы арасындағы қызметкердiң күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиiс.
56-бап. Демалыс күндерi
1. Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта сайынғы үзiлiссiз демалыс уақыты, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де уақыт) берiледi.
2. Бес күндiк жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екi, ал алты күндiк жұмыс аптасында бiр демалыс күнi берiледi.
3. Жалпы демалыс күнi жексенбi болып есептеледi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде екiншi демалыс күнi жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе жұмыс кестесiмен белгiленедi. Егер ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше көзделмесе екi демалыс күнi де қатарынан берiледi.
3-1. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.
4. Мерекелiк күндер жұмыс күндерiне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi демалыс күндерiн басқа жұмыс күндерiне ауыстыруға құқылы. (Z010267 қараңыз)
5. Осы Заңның 59-бабында көздеген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға оның келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20, 2005.12.30. N 109 Заңдарымен.
57-бап. Yзiлiссiз жұмыс iстейтiн ұйымдардағы
демалыс күндерi
Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемi үзiлiссiз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзiлiссiз өндiрiс жүргiзiлетiн ұйымдарда жұмыс берушiнiң актiсiмен бекiтiлген ауысым кестесiне сәйкес, қызметкерлердiң әрбiр тобына демалыс күндерi аптаның әртүрлi күндерiнде кезекпен берiлiп отырады.
58-бап. Мереке күндерiндегi жұмыс
Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзiлiссiз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгiлеген мереке күндерi жұмыс жүргiзiлмейдi. (Z010267 қараңыз)
59-бап. Демалыс күндерiнде жұмысқа тарту
Демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндiрiстiк аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;
2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау және оны тергеу үшiн;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмыс iстеуi тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi.
60-бап. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысы
1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлерге жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.
2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
3. Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi.
4. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiптi (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге берiледi.
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды.
5. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi.
6. Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 60-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
61-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн
жұмыс стажын есептеу және жыл сайынғы еңбек
демалысын беру тәртiбi
1. Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн мереке күндерiн есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс стажына:
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт;
2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген уақыт;
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған уақыт;
4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады.
3. <*> Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
4. <*> Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
5. Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
62-бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек
демалыстарын берудiң кезектiлiгi
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.
2. Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс кестесi өзгерген жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi.
63-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру
немесе ұзарту жағдайлары
1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңiнде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен босануы бойынша демалысы кезiнде толық немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек демалысы кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейдi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта жеке берiлуi мүмкiн.
64-бап. Еңбек демалысынан шақырып алу
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық бойынша ағымдағы жұмыс жылы iшiнде берiледi немесе қызметкердiң қалауы бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленедi.

65-бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар
Тараптардың келiсiмi бойынша қызметкерге оның өтiнiшi негiзiнде жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
66-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстар.
Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берiлетiн демалыстар
Әйелдерге жүктiлiгi мен босануы бойынша босанғанға дейiн ұзақтығы жетпiс күнтiзбелiк күнге, босанғаннан кейiн елу алты (ауыр босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпiс) күнтiзбелiк күнге демалыс берiледi. Есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және демалыс әйелдiң ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүктiлiгiне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейiн нақты пайдаланған күндерiнiң санына қарамастан оған толық берiледi.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге келген күнiнен елу алты күнге толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.
67-бап. Үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға,
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс
Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдердiң (еркектердiң) өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейiн кез келген уақытта толық немесе бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.
Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
68-бап. Пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн
жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн өтемақы
1. Жеке еңбек шартын бұзу кезiнде, оның қандай негiзде бұзылғанына қарамастан, өзiнiң жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi.
2. 2. Егер жеке еңбек шартын бұзған күнге қарай қызметкер жұмыс жылының бiр бөлiгiнде жұмыс iстесе, өтемақы жұмыс iстеген уақытқа бара-бар төленедi.
3. Жеке еңбек шартын бұзу кезiндегi пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн өтемақы жеке еңбек шарты тоқтатылған күнi төленедi.
69-бап. Оқу демалысы
Бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бiтiрушiлер емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақы төленетiн немесе ақы төленбейтiн қосымша демалыс берiледi.
Ескерту. 69-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс
Страница 1 из 11
Поиск: