Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлерге кепiлдiктер беру мен өтемақы төлеу
Қызметкерлерге кепiлдiктер беру мен өтемақы төлеу
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:43 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Қызметкерлерге кепiлдiктер беру мен өтемақы төлеу
80-бап. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық
мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады.
Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
81-бап. Жұмыс берушi медициналық тексеруге жiберетiн
қызметкерлерге және донорларға арналған
кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн қан тапсыратын күндерiнде жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
Ескерту. 81-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
82-бап. Бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға
жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi.

Ескерту. 82-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
83-бап. Қызметтiк iссапарлар кезiндегi өтемақылар
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындары төленедi.
84-бап. Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi жұмысқа
ауыстыру кезiндегi өтемақылар
Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi жұмысқа ауыстыру кезiндегi шығындарды өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
85-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
86-бап. Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк
жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге
(еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар жүктiлiк пен босану бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң туған күнiнен елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн демалысқа тағайындалады.
87-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты
есебiнен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу
1. Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертiгуге және кәсiптiк ауруға байланысты, жүктiлiк және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiнде әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi. 2. Әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу тәртiбi мен олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертiгуге немесе кәсiптiк ауруға байланысты болса, әлеуметтiк жәрдемақыны жұмыс берушi еңбекке жарамсыздық орын алған бiрiншi күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейiн немесе мүгедектiгi анықталғанға дейiн орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде төлейдi.
3. Жұмыс берушi әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi өзiнiң мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауаптылықта болады.
Ескерту. 87-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
88-бап. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыту
және бiлiктiлiгiн арттыру
1. Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға жiберуге құқығы бар.
2. 2. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған, бiлiктiлiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың жеке еңбек шартында келiскен мерзiмiнде жұмыс iстеуге мiндеттi.
3. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыс iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне бара-бар етiп, толығымен төлейдi.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлерге кепiлдiктер беру мен өтемақы төлеу
Страница 1 из 11
Поиск: