Жеке еңбек шарты тараптарыныңматериалдық жауапкершiлiгi - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Жеке еңбек шарты тараптарыныңматериалдық жауапкершiлiгi
Жеке еңбек шарты тараптарыныңматериалдық жауапкершiлiгi
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:43 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Жеке еңбек шарты тараптарыныңматериалдық жауапкершiлiгi
89-бап. Тараптардың өздерi келтiрген зиянды өтеу
жөнiндегi мiндетi
1. Жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтiрген тарап оны осы Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес сот шешiмi негiзiнде не ерiктi түрде өтейдi.
2. 2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық жауапкершiлiгi нақтыланады.
90-бап. Қызметкерге жарақаттанудан немесе өзге де
денсаулығы зақымдалуынан келтiрiлген
зиянды өтеу
1. Егер қызметкер өзiнiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруына байланысты жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келiп, соның салдарынан ол еңбек қабiлетiн толық немесе iшiнара жоғалтса, жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемi төленбейтiн кезде оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтеуге мiндеттi.
2. 2. Еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына және ұйымның мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi сақтандырылуға тиiс. (Z050030 қараңыз)
91-бап. Қызметкерлердiң толық материалдық жауапты
жағдайлары
Қызметкерлер:
1) қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында қызметкерге берiлген мүлiк пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн өзiне толық материалдық жауапкершiлiк алу туралы жазбаша шарт жасалған;
2) заңдарға сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жұмыс берушiге келтiрiлген зиян үшiн толық жауапкершiлiк жүктелген;
3) қызметкер мүлiк пен басқа да құндылықтарды бiр жолғы сенiмхатпен немесе басқа да бiр жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған;
4) қызметкер зиянды алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтiрген
5) зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнiмдердiң), соның iшiнде оларды дайындау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киiмдер мен басқа да заттардың жеткiлiксiздiгiнен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдiрiлуiнен келтiрiлген; 6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтiрiлген;
7) зиян қызметкердiң қылмыстық тәртiппен қудаланатын әрекеттердiң белгiсi бар iс-әрекеттерiнен келтiрiлген жағдайларда олардың кiнәсiнен жұмыс берушiге келтiрiлген зиянға толық мөлшерiнде материалдық жағынан жауапты болады.
92-бап. Толық материалдық жауапкершiлiк
туралы жазбаша шарттар
1. Толық материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарттарды жұмыс берушi он сегiз жасқа толған, өндiрiс процесiнде өзiне берiлген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), тасымалдауға немесе қолдануға тiкелей байланысты қызметтi атқарушы немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы мүмкiн.
2. Мұндай қызметтер мен жұмыстардың тiзбесi, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгi шарт ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушiнiң актiлерiнде бекiтiледi.
Ескерту. 92-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Жеке еңбек шарты тараптарыныңматериалдық жауапкершiлiгi
Страница 1 из 11
Поиск: