Қызметкерлердi көтермелеу және жазалау шаралары - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлердi көтермелеу және жазалау шаралары
Қызметкерлердi көтермелеу және жазалау шаралары
КосжановДата: Среда, 10.11.2010, 14:43 | Сообщение # 1
Админ =)
Группа: Пользователь
Сообщений: 32
Репутация: 3
Статус: Offline
Қызметкерлердi көтермелеу жәнежазалау шаралары
93-бап. Еңбегi үшiн көтермелеу
Жұмыс берушi қызметкерге еңбектегi табыстары үшiн көтермелеудiң әр алуан түрлерiн қолдануға құқылы. Көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен белгiленедi.
94-бап. Тәртiптiк жазалар
1. Еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, яғни қызметкердiң кiнәсiнен оған жүктелген еңбек мiндеттерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жұмыс берушi тәртiптiк жазалардың мынадай түрлерiн қолдануға:
1) ескерту жасауға;
2) сөгiс беруге;
2-1) қатаң сөгiс беруге; <*>
3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Осы Заңда көзделмеген тәртiптiк жазалау шараларын қолдануға жол берiлмейдi.
Ескерту. 94-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484 Заңымен.
95-бап. Тәртiптiк жазалар қолдану және оған шағым жасау
тәртiбi
1. Тәртiптiк жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етiлуге тиiс.
2. Тәртiптiк жаза терiс әрекет байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады және оны терiс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
3. Әрбiр жолсыздық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.
4. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады.
5. Тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда жұмыс берушi жасалған терiс әрекеттiң ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердiң соның алдындағы мiнез-құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртiптiк жазаның жасалған терiс әрекеттiң ауырлығына сәйкестiгiн ескеруге тиiс.
6. Тәртiптiк жазаға еңбек дауларын қарау үшiн белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
95-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк
жаза қолдану мерзiмдерi <*>
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бiр жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн. (Z980267; U990317 қараңыз)
Ескерту. 95-1-баппен толықтырлды- Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484 Заңымен.
96-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi, осы Заңның 94-6aбының 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Егер осы мерзiм iшiнде қызметке жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, ол тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
2. Қызметкерге тәртiптiк жаза қолданған жұмыс берушi оны өз бастамасымен, қызметкердiң немесе оның тiкелей басшысының өтiнiшi бойынша, қызметкерлер мен олардың өкiлдерiнiң өтiнiш жасауы бойынша мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.
Ескерту. 96-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қызметкерлердi көтермелеу және жазалау шаралары
Страница 1 из 11
Поиск: