Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті
RaukaДата: Среда, 10.11.2010, 15:06 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Пользователь
Сообщений: 10
Репутация: 0
Статус: Offline
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті (ПМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды.

Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2008 жылғы шілдеден Елші Хусейн Юсеф Абу аль-Аала.

ҚР Израильдегі Елшілігі Палестина мен Қазақстан арасындағы қатынастарға жетекшілік етеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Палестинаға екі рет ресми сапар шекті -1995 жылғы желтоқсан, 2000 жылғы сәуір).

Палестина тарапынан Палестина Мемлекетінің Президенті, Палестинаны Азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Төрағасы Ясер Арафаттың Қазақстанға сапарлары болды (1991 жылы желтоқсанда, 1999 жылы сәуірде). 2008 жылғы қазан айында Палестина Ұлттық Билігінің Басшысы М.Аббастың Ерекше Өкілі Ясир Аббас Қазақстанда сапармен болды.

Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2008 жылы 31 мың. АҚШ долларына жетті (тек импорт).

2009 жылғы қаңтар-мамыр аралығында бұл көрсеткіш 36 мың. долл. болды (тек импорт).

Қазақстан-Палестина шарт-құқық базасы келесі келісімдерден тұрады:

- Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- 1999-2001 жылдарға арналған спорт және жастар қозғалысы саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті
Страница 1 из 11
Поиск: