Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы
RaukaДата: Среда, 10.11.2010, 15:07 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Пользователь
Сообщений: 10
Репутация: 0
Статус: Offline
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстанның ИИР-дағы Елшісі Е.Өтембаев (2006 жыл, сәуір).

Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды. ҚР-дағы Иран Елшісі Р.Мехманпараст (2005 жыл, мамыр).

Екі жақты қатынастардың негізін қалаған бірқатар ресми кездесулер жүзеге асырылды: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иранға сапарлары (1992 ж. қараша, 1996 ж. мамыр, 1999 ж. қазан, 2007 ж. қазан), ИИР Президенті А.Хашеми Рафсанджанидің Қазақстанға сапары (1993 ж. қазан), ИИР Президенті М.Хатамидің Алматыда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуы (1998 ж. мамыр), Президент М.Хатамидің Қазақстанға сапары (2002 ж. сәуір), ИИР-дің Бірінші Вице-Президенті Х.Хабибидің Алматыдағы Еуразия экономикалық саммитінің жұмысына (2000, 2002 жылдар), ИИР-дің Бірінші Вице-Президенті Р.Арефтің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдер басшыларының Астанадағы саммитіне қатысуы (2005 ж.), ИИР-дің Сыртқы істер министрі М.Моттакидің Қазақстанға сапары (2006 ж. қаңтар), ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Н.Әбіқаев және Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Иранға сапары (2006 ж. маусым).

2007 жылғы 15 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иранға ресми сапары өтті. Сапар барысында Мемлекетіміздің басшысы ИИР Президенті Махмуд Ахмадинежадпен келіссөздер өткізді.

Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастыққа қатысты барлық салалар талқыланып, болашақ қарым-қатынастардың бағыты белгіленді. Сондай-ақ, Ауғанстан мен Ирактағы жағдай, ядролық қаруды таратпау сияқты халықаралық саяси түйіткіл мәселелер бойынша пікір алмасты.

2007 жылғы 16 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Каспий теңізі жағалауы елдерінің басшыларының екінші саммитіне қатысты.

Қазақстан және Иран арасындағы тауар айналымының көлемі 2007 жылға 2 млрд. 495 млн. АҚШ долларын (экспорт – 2 млрд. 451 млн. долл., импорт – 44 млн. долл.) құрады.

2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналым көлемі 989,4 млн. АҚШ долларына (экспорт-956,1 млн. долл., импорт-33,3 млн. долл.) жетті.

Өзара сапарлар барысында қол қойылған 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен құжаттар екі жақты қатынастар дамуының негізін қалады.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы
Страница 1 из 11
Поиск: