Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Ришат Абдуллин (1916-1988 ж.) және Мүсілім Абдуллин (1916-19
Ришат Абдуллин (1916-1988 ж.) және Мүсілім Абдуллин (1916-19
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 17:32 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Ағайынды Абдуллиндердің әншілік-шығармашылық өнері өткен ғасырдың 40-70 жылдары европалық үлгідегі сазгерлік шығармашылықтың шарықтау шыңына жетіп гүлденген кезіне тұспа-тұс келді. Қазақстан үшін жаңа бір ән жанрының - ән дуэтінің алғашқы қарлығаштары, Ришат пен Мүсілім қазақ әнінің қос күреңі болды.

Егіз Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер 1916 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келді. Екеуінің тағдырлары да біріне-бірі өте ұқсас болды. Әнге деген музыкаға деген қабілет екеуінде бала жастан-ақ білінді. Табиғат оларға өте бір әдемі сұлу дауыстарды сыйлады.

Мүсілім Абдуллин 1932 жылы Алматыда ашылған музыкалық-драма техникумына түсіп, бір жылдан кейін 1933 жылы оған Ришат Абдуллин келіп түседі. Аса талантты, қабілеттері күшті, келешектері зор жастар ретінде ағайынды Абдуллиндер Мәскеу консерваториясына профессор А.И.Вишневскидің класына оқуға жіберіледі. Мүсілім Абдуллин оған 1935 жылы, ал Ришат Абдуллин 1936 жылы қабылданады. 1938 жылы Мәскеу консерваториясын бітірген соң екеуі де Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында өздерінің солистік-әншілік қызметтерін бастайды.

Ағайынды Абдуллиндер орыс, батыс европа классиктері мен Кеңес композиторларының жетекші опералық партияларын орындады. Ашық тенор дауысты Мүсілімнің ерекше есте қаларлық партиялары “Евгений Онегинде” Ленский; баритонды қою дауысты Ришат осы операдағы Евгений Онегинді, “Демон” операсында Демонды, “Травиатада” Жермонды, “Карменде” Эскамильоны, “Даисиде” Киазоны т.б. орындады. Ән өнерінің қос күреңі атанған ағайынды Мүсілім және Ришат Абдуллиндер Қазақстан композиторларының барлық опералық спектакльдерінде ойнап, олармен үнемі қоян-қолтық араласып жүрді. Ол екеуі ұмытылмас есте мәңгі қаларлық сахналық бейнелерді жасады. Мүсілім - “Қыз Жібекте” Төлегенді, “Жалбырда” Қайрақпайды, “Ер Тарғында” Балпанды, “Абайда” Әзімді, Ришат - “Абайда” Абайды, “Ер Тарғында” Ер Тарғынды, “Біржан-Сарада” Қожағұлды, “Назугумде” Гульматты сомдады. “Абай” операсындағы Абай бейнесін бірінші болып және оны кереметтей биік деңгейде жарқырата өте бір ғажап сезімде шебер орындаған

Ришат Абдуллиннің есімі қазақтың музыкалық өнері тарихында мәңгілік жазылып қалды. Ағайынды Абдуллиндер осы операны 1948 жылы қазақ өнерінің он күндігінде Мәскеудегі декадаға көрсетіп зор табысқа жетті.

Қазақстан үкіметі олардың еңбектерін жоғары бағалады. 1947 жылы Мүсілім Қазақ КСР-нің халық әртісі атағын алса, 1967 жылы Ришатқа КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
Әншілерге терезесі тең таланттары өте жоғары қазақ сазгерлерінің “алдаспандары” мэтрлері ғана әндерін ұсынатын. Олар – Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов еді.

Ришат Абдуллиннің орындауында негізінен ұлттық әндер - қазақ, татар халық әндерімен қоса жаңа шыққан авторлардың әндері орындалатын. Дегенмен, оның әншілік камералық өнерінің шыққан биігі – татар композиторы Р.Яхиннің әндері мен романстарын орындауы еді.
Ал, Мүсілім Абдуллин орындаған орыс композиторлары Н.Римский-Корсаковтың, М.Глинканың, П.Чайковскийдің халық арасына кеңінен тараған шығармаларын орындағанда тыңдаушылары ерекше сүйіп тыңдайтын. Олардың қазақша айтқан әндері де ән өнерінің биігінен көрінді.

Әдебиеттер:

Кенжетаев К. Асылдар мен ардақтылар.- Алматы: Өнер, 2002-295 б.

Қазақ өнері: Энциклопедия /Қазақстан даму институты.- Алматы: Білік баспа үйі, 2002.- 800 б.

Қамайұлы Ж. Қос жұлдыз: [Ағайыңды Ришат, Мусілім Абдуллиндер туралы] // Қазақ елі.- 1996.- 15 наурыз.- (№11).-Б. 8-9

Мұқанов А. Ағайыңды Абдулиндер: [Ришат, Мүсілім Абдуллиндер туралы] // Қазақ әдебиеті. 1996.- 19 наурыз.- (№12).- Б.12

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Ришат Абдуллин (1916-1988 ж.) және Мүсілім Абдуллин (1916-19
Страница 1 из 11
Поиск: