Леонид Евтихиевич Агейкин (1937 ж.), суретші - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Леонид Евтихиевич Агейкин (1937 ж.), суретші
Леонид Евтихиевич Агейкин (1937 ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 17:33 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Леонид Евтихиевич Агейкин 1937 жылы Украинаның Донецк облысында туды. Ворошиловград көркемсурет училищесін үздік дипломмен бітірді, одан кейін 1967 жылы Харьков көркем-өндірістік институтын «Станокты кескіндеме» сыныбы бойынша бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтының сурет пен кескіндеме кафедрасына аға оқытушы болып шақырылды.

Бес жыл Леонид Евтихиевич Агейкин студент - сәулетшілерді кескіндемеге және «гипспен жұмыс жасау» ғылымына, «тірі жаратылыстағы» сурет салу, әртүрлі сурет техникаларына үйретті. Ол шәкірттерін «бояу мен қылқаламнан қорықпауға», оның әр алуандығындағы түстерді көруге үйретті. 1972 жылдан және өмірінің аяғына дейін Леонид Евтихиевич Көркемсурет қорының көркем-өндірістік шеберханаларында жұмыс істеді, 1974 жылдан ҚСРО Суретшілер Одағының мүшесі.

Шығыс Қазақстан жерінде суретші 15 жыл тұрды, бірақта ол бізге қаншама көп еңбегін үлгеріп тастап кетті. Суретші этюдтерімен біздің облысымыздың ең алыс және әдемі жерлерінде болды.

Суретші Алтай табиғатын барлық жан-тәнімен сүйді, өйткені одан таусылмайтын қазына шабытын тапты. «Алтай күздерінің бояулары», «Алтай таулары», «Алтай ауылдары» топтамаларында, суреттерінде оның өзіне тән қайталанбайтын, жарқын қылқалам қолтаңбасы бізді қайыңдар, теректер, көгілдір-жасыл мақпал алып шыршалардың сән-салтанатты ертегілер патшалығына; тау шыңдарындағы ерімейтін қарлар мен алпауыт бұрқыраған бұлттар әлеміне; ауылдағы қарапайым адамдар тұрмысына, ауыл үйшіктері мен моншалары бар жұпынды ауыл мүйісіне алып келеді. Ол 2000-нан аса еңбектер жасады, оның ішінде графика, акварель, станокты кескіндеме, Өскеменнің және басқа да Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың қоғамдық және өндірістік ғимараттарына көрік беретін монументалды – декоративтік композициялар Шығыс Қазақстан өнер мұражайында орын алған.

Құжат Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайының Аймақтық Мемлекеттік шығармашылық қорынан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Леонид Евтихиевич Агейкин (1937 ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: