Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Аштема Николай Павлович (1942 г.)
Аштема Николай Павлович (1942 г.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 17:33 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Аштема Николай Павлович (1942 г.)

Николай Аштема 1942 жылы 5 желтоқсанда Украинаның Кировоград облысы Червонная Долина селосында дүниеге келген. Бес жасынан сурет өнеріне деген құштарлығы басталған. Орта мектепті бітірген соң, Николай Бехтер мелиоративтік техникумына оқуға түседі.

Әскери борышын Кубада өтей жүріп, жиырмаға жуық пейзаж, бірнеше картиналар салған. Сүйікті ісімен шұғылданғанға дейін, әртүрлі жұмыстар атқарған. Маляр, сақтандыру мекемесінің инспекторы, құрылыс мекемесінің жоспарлау бөлімінің бастығы боып қызметтер атқарған.

Жоғары экономикалық білімі бар. 1975 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң, Өскеменге жұмысқа бөледі. 1979 жылдан Қазақ ССР –інің Көркемсурет қорының шеберханасында жұмыс істейді. 1980 жылдан әуесқой суретшілердің изостудиясына жетекшілік жасайды. Николай Павлович көрме жұмыстарымен мықтап айналыса бастайды: облыстық, республикалық, одақтық, халықаралық көрмелерге қатысады.
1987 жылдан СССР Суретшілер Одағының мүшесі.

1999 жылдан бері Шығыс Гуманитарлық институтында сурет пен живописьтен сабақ береді. Суретші –график Николай Аштеманың қылқаламынан шыққан туындылар арасында ерекше көз тартатын картина бар. Оның мағынасы қарапайым: көктегі храм есігін айқара ашып, құдай суретшіні шақырады. Ал суретші не істерін білмей теріс айналады. Суреттегі көзқарас пен авторға ұқсастық «Құдайға немен барам?» деген философиялық ой түйгендей.

Аштема шығармашылығының. мейлі ол пейзаж, портрет, натюрморт болсын басты тақырыбы - руханият пен махаббат.
Аштема шығармашылығы күнделікті күйбің тіршілік емес, ойшыл – суретшінің, философтың еңбектері.

Суретші қылқаламынан шыққан «Озеро Марқакөл», «Утро на Бухтарме», «Белуха. Вечер...», «Вечность» деп аталған суреттерінен кең даладан, биік таулардан нәр алған нәзік те қуатты әуен естілгендей болады. Николай Павлович сурет арқылы адамның ұқсастығын ғана емес, көңіл-күйін, ерекшелігін, бере алатын суретшілердің бірі. Көрмелерде «Анар» портретінің қасына көрермендер көп жиналады. Жартылай төмен қарап тұрған қыздың кірпіктер арасынан өзіңізге қулана көз салып тұрғанын автор асқан шеберлікпен көрсете алған

Автордың тарихи тақырыпқа арналған бірнеше картинасы бар.

Аштеманың өнері өзінің әрқырлылығымен, драматизм мен лиризмнің жұптасуымен ерекшеленеді.
Елбасы Николай Аштеманың жұмыстарына жоғары баға берді. Көптеген еңбектері Астанадағы Президент Мәдени Орталығынан орын алған.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Аштема Николай Павлович (1942 г.)
Страница 1 из 11
Поиск: