Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Беляев Михаил Михаилович (1925 ж.), суретші
Беляев Михаил Михаилович (1925 ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 17:34 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Беляев Михаил Михаилович - график, живописьші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Башкирияның Алаш ауданында дүниеге келген. 1941 жылы отбасы Семейге эвакуациямен көшіп келеді.

Ұлы Отан соғысының ардагері. 1955 жылы Одесса көркемсурет училищесін бітірген. Студент кезінде Одесса облыстық көркемсурет көрмесіне қатысады.1957 жылы Семей қаласында өткен бейнелеу өнері көрмесінде бірінші орынды иеленген. М.М. Беляев Мәскеудегі көркемсурет көрмесіне жұмыстарын ұсынады.

60-80 жылдарда Қаз.ИЗО шеберханаларында жұмыс істей жүріп, баспа беттерінде суреттерімен жиі көрінеді. 90- жылдары көркемсурет - өнеркәсіп шеберханасында жұмыс істеді. Суретші Қазақстанның түкпір - түкпіріне саяхат жасайды. Беляевтің жанына аса жақын тақырып, - "көне" Семей, оның тар көшелері, тарихи орындары.

Семейдің ескі архитектурасына деген суретшінің көкейінен шықпай жүрген бір ой оны шығармашылық материла жинауға, Семей қаласының қайталанбас архитектурасын көрсетуге мәжбүр етті.

Семейдің таныс көшелері, саудагерлер үйі, мешіт мұнаралары мен шіркеулері суретшінің кескіндемелерінде орын алған.

Суретші 2002 жылы өз еңбектерінен "Ескі Семей" атты жинақ, "Достоевский көшесі" деген брошюра басып шығарды.
Беляев М. "Семей. Татарлар жатағы" 1997. - жұмысында жасыл желек жамылған ағаштар арасындағы ескі ағаш үйлердің өзіндік ерекшеліктері, әдемілігі шынайы берілген.

Ала бұлтты аспан аясында қаланың архитектуралық ескерткіші - мешіттің жалғыз мұнарасы ерекше көз тартады.
Акварель, тушь, пастельдерді араластыра отырып, суретші картинаға ерекше жұмсақ әр бере білген.

Әдебиеттер тізімі:

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Беляев Михаил Михаилович (1925 ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: