Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Христолюбов Валентин Александрович (1918-1979ж. ж.), суретші
Христолюбов Валентин Александрович (1918-1979ж. ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 17:36 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Христолюбов Валентин Александорович- живописьші. Қиыр Шығыста көп балалы отбасында дүниеге келген. 1932 жылы Семейге қоныс аударады.

Мектепті тәмамдаған соң Омбы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, оны соғыстың алдында , 1940 жылы бітіріп шығады.



Әскер қатарында жүргенде Ұлы отан соғысы басталады да, Ленинград қоршауын бұзуға қатысады. Майдандағы ерлігі үшін үкімет наградаларымен бірнеше мәрте марапатталады. 1945 жылы Семей қаласына қайтып оралады.

В.Христолюбов 32 жыл бойы қаланың көркемсурет өнеркәсіптік щеберханаларында еңбек етті. Қала көшелерінің жыл сайынғы мерекелік безендірулері, өнеркәсіп ғимараттары мен мемлекеттік мекемелерінің интерьер дизайнынын жетілдіруге жалықпайц үлес қосты.

Шығармашылық жұмысы және көрмелерге белсене қатысуы жемісті еңбегінің айғағы деуге болады.

Христолюбовтың пейзаждары аса ыждахаттылықпен орындалған.

"Ауыл көшесінің пейзажы" картинасында суретші қылқаламның көмегімен күнделікті тіршілік желісін дәлме-дәл суреттеген. Алдыңғы қатарда діңі қисайған сирек бұтақты самырсын ағашы өсіп тұр. Белгісіз жаққа созылған жол жанарыңды еріксіз ауыл көшесі мен үйлеріне әкеледі. Суреттердің дәлдігі, мен анықтығы үйлесім тапқан. Пейзаж ашық, өміршең бояуларға толы: жарқыраған күн, қалқыған бұлттар. көлеңкелер қозғалғандай…

Әдебиеттер::

1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. - Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Христолюбов Валентин Александрович (1918-1979ж. ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: