Медведев Леонид Георгиевич (1948 ж.), суретші - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Медведев Леонид Георгиевич (1948 ж.), суретші
Медведев Леонид Георгиевич (1948 ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:29 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Медведев Леонид Георгиевич 1948 жылы Алматы облысы Аманбөктер селосында дүниеге келген. 1970 жылы қазақтың мемлекеттік педагогика институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдаған соң Семей педагогика институтынажолдама алады. Қазақстан жас суретшілер көрмесіне қатысушы (1970).


1977 жылы Медведев "Сурет сабағында бейнелі ойлау процесін белсендіру" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

Аймақтық, республикалық сурет көрмелеріне белсене қатысады. (1977) 1993 жылдан бастап,Омбы қаласында тұрады. 1998 жылы Врубель атындағы Омбы облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретшінің живописьтік жұмыстарының көрмесі өткізілді.

Пейзаж, портрет тақырыптық картинажанрында жұмыс істейді. Ресей суретшілер Одағының мүшесі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

"Қызыл киген әйел портреті" 1990ж.
Л.Медведев әр жылдары көптеген әйел портреттерін жасаған суретші. Ол портреттер көрермендерін өзінің энергетикасымен, жылы шуағымен тартып, өздерінің тәуелсіздігін көрсетеді. Бейнені жасағанда оған эмоционалдық күш-қуат бере отырып, суретші түстерге сүйенген. Музей экспозициясында қойылған әйелдер портретінде қызыл түс басым. Жас әйелдің сезімтал мінезі қызылт ұшқын шашқан қара көздері мен алқызыл еріндері арқылы берілген. Қызыл көйлек пен орамал жасылтым - сиякөк фонмен жақсы үйлесім тапқан. Портрет қолданбалы өнер негізінде салынған.

Әдебиеттер::

1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. - Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Медведев Леонид Георгиевич (1948 ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: