Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997 ж.ж.), суретші - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997 ж.ж.), суретші
Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997 ж.ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:30 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Шереметьев Григорий Тимофеевич Алтай өлкесіндегі Сидоровка селосында туған.

1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1954 жылдан бастап тағдыры Семеймен байланысты, осында 40 жылдан астам жұмыс істеген. Қазақстан Суретшілер Одағының Семейдегі тұңғыш уәкілетті өкілі бола жүріп, Шереметьев қаладағы шығармашылық ұжымдардың қалыптасуына белсене араласты. Ол республикалық, Одақтық маңызы бар көрмелерге қатысушы.

1989 жылы Гурфузда Ұлы Отан соғысы ардагерлері суретшілерінің көрмесіне қатысты.

1974ж., 1982 жылдары Алматыда, 2002 жылы (қайтыс болған соң) Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға жеке, мерейтойға арналған көрмелері өткізілді.

Суретшінің шығармашылығы көп қырлы Семейдің өткені мен бүгіні , осы өңірдің қайта жаңғыруын өзін үнемі толғандырған тақырып ретінде таңдаған Шереметьев көптеген пейзаждар, портреттер мен тақырыптық картиналарды осы өлкеге аранды.

СССР суретшілер Одағының мүшесі.

Суретшінің пейзаж диапазоны өте кең.

Табиғаттың әртүрлі кезеңін шебер көрсете білген. Әйтсе де суретшінің ең ұнататын мезгілі - көктемдегі табиғаттың оянуы. Шереметьевті "гүлдердің біртіндеп, ақырын көбеюі қызықтырған"

"Көктем" картинасында суретші сан алуан бояуларды пайдалана отырып, табиғаттың поэтикалық бейнесін жасай білген.

Жұмсақ сия-көкшіл бояулармен салынған суреттерге қарап отырып, көктемгі дымқыл, таза ауаны сезгендей боласың. Ағаштардың ұшар басы алғашқы жасыл желекті жамыла бастағанмен, ағып жатқан судан суық леп әлі де есіп тұрғандай…Жағалауда жайылған жылқылар мен еркін ойнақтаған құлындар.

Суретшінің қылқаламы жеңіл ғана полотноны сипап өтіп, тіршіліктің құбылмалы да аумалы - төкпелі мінезін дәл көрмете білген. Шығармаға ұлылық, тыныштық пен мәрттік тән.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997 ж.ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: